АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстың шарттары белгілі болды

© Sputnik/Ертай СарбасовПервая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ
Первая АЭС в Казахстане: в посёлке Улкен готовятся к торжественной церемонии запуска работ - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2025
Жазылу
Атом энергиясы жөніндегі агенттікте Алматы облысы Жамбыл ауданында салынатын АЭС-ке атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурс өткізу мәселелерін қараған жұмыс тобының екінші отырысы өтті
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда АЭС атауын таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның ережесі мен құрамы бекітілді, деп хабарлайды Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі.
Оның құрамына жұртшылық өкілдері, креативті индустрия мамандары, сондай-ақ атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кірді. Бұдан бөлек, өтінімдерді беру және қарау тәртібін, оларды бағалау өлшем шарттарын және қорытынды шешім қабылдау рәсімдерін айқындайтын конкурсты өткізу ережесінің жобасы қаралды.
Жұмыс тобының мүшелері АЭС атауын айқындау шешімі бірқатар факторларды ескере отырып қабылданатынын атап өтті.
"Конкурстық комиссия ұсыныстарды атаудың танымалдылығы, тарихи және мәдени маңыздылығы, атом энергетикасының имиджіне сәйкестігі, әуезділігі, есте сақтаудың жеңілдігі, бірегейлігі және өзіндік ерекшелігі секілді өлшем шарттар бойынша бағалайды. Сонымен қатар, қорлайтын немесе кемсітушілік сипаттағы сөздерді, бейәдеп лексиканы, коммерциялық брендтерді қамтитын, сондай-ақ Қазақстан заңнамасын және үшінші тұлғалардың құқықтарын, оның ішінде авторлық құқықты бұзатын атаулар қабылданбайды" - делінген ведомство хабарламасында.
Агенттіктің хабарлауынша, азаматтардың кеңінен қатысуын қамтамасыз ету мақсатында цифрлық шешімдерді қолдану жоспарлануда
Осы орайда Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар"АҚ-мен бірлесіп, өтінімдерді eGov Mobile қосымшасы арқылы қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізгені де нақтыланады.
Бұған дейін Тоқаев алғашқы АЭС-ке үздік атау табу үшін байқау жариялауды ұсынған еді.
Еске сала кетейік, 8 тамызда Қазақстанда тарихи шара болды. Тұңғыш АЭС салынатын жердің топырағы Ресейге жіберілді.
Айта кетері, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында елдегі алғашқы АЭС құрылысын бастауға арналған іс-шара өткен. Оның барысында алғаш рет АЭС макеті көрсетілген болатын. Алғашқы АЭС жобасы 14-15 миллиард долларға жуық сомманы құрайтынын хабарланды.
АЭС үшін үздік атауға конкурс жарияланады -Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Тоқаев АЭС атауына байқау жариялауды ұсынды
Жаңалықтар
0