Денсаулық сақтау министрлігі Е-Densaulyq цифрлық экожүйесін құрып жатыр

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаВ Акмолинской области открыли медучреждения, построенные на деньги коррупционеров
В Акмолинской области открыли медучреждения, построенные на деньги коррупционеров - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
Онда 17 ақпараттық жүйе біріктіріледі
АСТАНА, 5 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі қолданыстағы 17 ақпараттық жүйені 6 негізгі құрамдас бөлікке біріктіретін Е-Densaulyq экожүйесін құрып жатыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Экожүйенің өзегі меншік нысанына қарамастан медициналық ақпараттық жүйелермен интеграциялаудың есебінен азаматтардың барлық медициналық дерегі жинақталатын медициналық деректердің бірыңғай қоймасы болады.
2026 жылға қарай азаматтар өздерінің электронды денсаулық паспорттарына толыққанды қол жеткізе алады, ал "пациентке деректер" қағидаты медицинаны ашық және басқарылатын етуге мүмкіндік береді.
Экожүйенің негізгі компоненттері:
халықты тіркеу тізілімі,
денсаулық сақтау ресурстарын басқару жүйесі (кадрларды, жабдықтарды, лицензияларды есепке алу),
әрі-дәрмекпен қамтамасыз ету,
медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі.
Қазақстанда медицина қызметкерлері үшін 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.03.2025
Медицина қызметкерлері үшін біржолғы ақшалай төлем енгізілді – үкімет басшысы
Жаңалықтар
0