Биыл жазда қанша бала ресми түрде жұмыс істеді

CC0 / Wokandapix / Подросток за забором, архивное фото
Подросток за забором, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2025
Жазылу
Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты
АЛМАТЫ, 5 қыркүйек – Sputnik. Биыл жазда Қазақстан бойынша 5,5 мыңға жуық жасөспірім Enbek.kz арқылы ресми жұмысқа орналасты, деп хабарлайды Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Биыл мамыр айында Enbek.kz электронды еңбек биржасы платформасында кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыруға арналған "Менің жазғы каникулым" атты арнайы бөлім құрылды. Демалыс кезеңінде 14 пен 18 жас аралығындағы барлығы 5,4 мың қазақстандық жұмысқа орналасты. Бұл - ресми тіркелгені.
"Жалпы, жаз айларында 16-18 жас аралығындағы жастар 13,6 мың түйіндеме, 14-15 жас аралығындағы жасөспірімдердің ата-аналары 356 жеке кабинет ашып, оның ішінде 112 адам 129 түйіндеме жариялады", - дейді министрлік.
Еңбек кодексіне сәйкес 14 жастан бастап денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқуға кедергі жасамайтын, сабақтан тыс уақытта орындалатын жұмыстарды ресми түрде істеуге рұқсат.
"Осы талаптарға сай келетін шамамен 80 мамандық белгіленген, олардың қатарына тәрбиешінің көмекшісі, дүкен сатушысы, тазалаушы-жуушы, SMM-менеджер, курьер және басқа да қызметтер жатады. 1 қыркүйектегі жағдай бойынша "Менің жазғы каникулым" бөлімінде 305 жұмыс берушіден осындай 2,1 мың бос жұмыс орны жарияланған", - дейді ведомство.
Айта кету керек, бұл бос жұмыс орындарын тікелей жұмыс берушілердің өздері ұсынады, сондықтан кейбір өңірлерде мұндай ұсыныстар болмауы мүмкін. Бұл функционал кәмелетке толмағандарды каникул кезеңінде жұмысқа орналастыру үшін алдағы уақытта да қолжетімді. Ол үшін жұмыс беруші бос жұмыс орнын жариялаған кезде тиісті белгіні қоюы қажет.
Жаңалықтар
0