Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сыртқы істер министрінің ұсталғанын жоққа шығарды

© Sputnik / Санат ИмангалиевГлава МИД Казахстана Мурат Нуртлеу
Глава МИД Казахстана Мурат Нуртлеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Мұндай ақпарат бұған дейін кейбір Telegram каналдарда жарияланды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Орталық әдейі жалған ақпарат тарату қоғамдық сенімге нұқсан келтіретінін мәлімдеді.
"Азаматтарды сақ болуға және тек ресми, тексерілген дереккөздерге сенуге шақырамыз", - деп жазылған хабарламада.
Ал мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тексерілмеген ақпаратты жариялау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.
"Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда. Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған "хайп қуған" деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс", - деп жазды Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Министр әріптестерін кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырды.
"Сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын", - деп түйіндеді ол.
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров та ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", - деп мәлімдеді ол.
Жаңалықтар
0