Путин Шығыс экономикалық форумында Моңғолия премьерімен кездесті

© POOL / Медиабанкке өтуРабочая поездка президента Владимира Путина во Владивосток
Рабочая поездка президента Владимира Путина во Владивосток - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Бұған дейін Шығыс экономикалық форумы аясында Ресей басшысы Лаос премьер-министрі Сонесай Сифандонмен кездесті
АСТАНА, 4 қыркүйек - Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин бейсенбі күні мерейтойлық Шығыс экономикалық форумы аясында Моңғолия премьер-министрі Гомбожавын Занданшатармен кездесті, деп хабарлайды РИА Новости.
Бұған дейін Шығыс экономикалық форумы аясында Ресей басшысы Лаос премьер-министрі Сонесай Сифандонмен кездесті.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысына Путинмен бірге Лаос премьер-министрі, Моңғолия премьер-министрі, ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Ли Хунчжунның қатысатынын хабарлады.
3-6 қыркүйек аралығында Владивосток қаласында Қиыр Шығыс федералды университетінің кампусында оныншы Шығыс экономикалық форумы өтуде. Биылғы форумның басты тақырыбы – "Қиыр Шығыс – бейбітшілік пен өркендеу жолындағы ынтымақтастық".
Жаңалықтар
0