ЕАЭО-да сүт және сүт өнімдеріне қатысты 70-тен астам жаңа стандарт әзірленеді

© Photo : Pixabay / congerdesignСүт
Сүт - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Жазылу
60 стандарт жобасын Ресей дайындаса, тоғыз жобаны Қазақстан дайындайды
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО-да 2029 жылдың соңына дейін сүт және сүт өнімдеріне қатысты 73 жаңа стандарт әзірленеді, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.
"2 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы отырысында Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламасының жаңа редакциясы мақұлданды", - делінген хабарламада.
60 стандарт жобасын Ресей дайындаса, тоғыз жобаны Қазақстан, екі жобаны Армения дайындайды. Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан бірлесіп ұлттық сүт өнімдерінің екі мемлекетаралық стандартының жобаларын дайындайды.
Бірқатар стандарттар алғаш рет әзірленеді деп көзделіп отыр. Оның ішінде сүт ақуызының концентраттары, балалар тағамына арналған сарысу ақуыздарының құрғақ гидролизаттары және тағы басқа стандарттар бар.
Сахарные заводы в Жамбылской области работают на полную мощность - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2025
ЕАЭО тұқым өндіру әдістерін біріздендіріп, қант саласын дамытады
Жаңалықтар
0