https://sputnik.kz/20250903/densaulyq-saqtau-ministrligi-mukhtar-erbayandy-turkiyaga-zhiberdi-56794095.html
Денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаянды Түркияға жіберді
Денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаянды Түркияға жіберді
Sputnik Қазақстан
Науқасты клиника өкілдері қарсы алды. Пациенттің жағдайы тұрақты 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T18:33+0500
2025-09-03T18:33+0500
2025-09-03T18:33+0500
әскери борыш
әскери қызметкер
түркия
https://sputnik.kz/img/311/65/3116552_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_e4f3fa7796181c656ca6e716e5a3428e.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы әскери қызметті өткеру кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның Түркияға емделуге жіберілгенін хабарлады.Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған болатын. 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алды.Пациент Астанадан Ыстанбұлға Ішкі істер министрлігінің бортында тасымалданды. Науқасты клиника өкілдері қарсы алды. Пациенттің жағдайы тұрақты.
https://sputnik.kz/20240822/ministrlik-alty-aydan-astam-komada-bolgan-sarbazga-qatysty-malimdeme-zhasady-46528972.html
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/311/65/3116552_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fd58020de885baafecee11b5e4342527.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери борыш, әскери қызметкер, түркия
әскери борыш, әскери қызметкер, түркия
Денсаулық сақтау министрлігі Мұхтар Ербаянды Түркияға жіберді
Науқасты клиника өкілдері қарсы алды. Пациенттің жағдайы тұрақты
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы әскери қызметті өткеру кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған Ұлттық ұланның бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаянның Түркияға емделуге жіберілгенін хабарлады.
"Комиссияның шешімімен нейромодуляторлық ем жүргізу және пациенттің соматикалық мәртебесін сақтау үшін Medipol Global клиникасына (Түркия) емделуге Мұхтар Ербаянды жіберу мақұлданды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған болатын. 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде медициналық көмек алды.
Пациент Астанадан Ыстанбұлға Ішкі істер министрлігінің бортында тасымалданды. Науқасты клиника өкілдері қарсы алды. Пациенттің жағдайы тұрақты.