Батыс Қазақстанда екі тұрғын салық органына шағым айтып, соттан араша сұрады

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСудебное заседание, архивное фото
Судебное заседание, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстанда салық органымен келіспеген екі тұрғын соттан әділдік іздеді, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.
Облыстың екі тұрғыны 2020 жылы тұрғын емес үй-жайлары бар 10 пәтерлі нысан салып, пайдалануға берген.
"Содан кейін талапкер 2020 жылға арналған жеке табыс салығын тапсырып, онда табысты — мүлікті сатқан бағасы мен сол мүліктің нарықтағы бағасы арасындағы айырмашылық ретінде көрсеткен. Бірақ пәтер сатқандарға салық органы камералдық бақылау арқылы анықтаған орташа заң бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жібергені", - дейді облыстық сот.
Уәкілетті органның деректері бойынша декларацияда мүлікті сату фактісі және сату кезіндегі құн өсімінен кіріс алу және табыс сомасын көрсетуде заң бұзушылықтар болған.
Нысан сатқандар заңда белгіленген мерзімде салық органының хабарламасына түсініктеме берген.
"Салық органының хабарламасында көрсетілген заң бұзушылықпен келісуге негіз боларлық мән-жайлар көрсетілмеген, бұл ретте даулы хабарламаға қатысы жоқ сот актілері қоса берілген", - дейді сот.
Сөздің қысқасы салық органы жеке тұлға ретінде сатылған пәтерлер үшін екі азаматтан заңды тұлға ретінде салық төлеуді талап еткен. Бұл хабарламаға наразы болған екі тарап беруші соттан сауға сұрап, Батыс Қазақстан облыстық аппеляциялық сотына жүгінеді. Бұл сот екі азаматтың бірнеше жылғы даулы мәселесіне әділ түрде нүкте қояды.
Аппеляциялық сот 2023 жылғы 8 желтоқсанда шыққан шешімді қанағаттандырудан бас тартты.
"Камералдық бақылау талапкердің пәтерді сатуына байланысты ЖТС бойынша декларацияны және құн өсімінен алынған табысты ұсыну мәселесі бойынша жүргізілді. Бұл ретте сот даулы актілердің жеке тұлғаға емес, "R" мекенжайына қойылғанын ескермеген. Осы атаумен талапкер жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, бірақ кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес", - дейді сот.
Талапкердің нысан бойынша және белгіленген мерзімде түсініктеме беруіне қарамастан, салық органы хабарламаны орындалмады деп таныды. Бұл - салық кодексінің 96-бабының талаптарын тікелей бұзды. Апелляциялық сатыдағы соттың қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі жойылып, талапкердің талаптары қанағаттандырылды.
Салық органы аппеляциялық сатыдағы сот актісіне кассациялық тәртіппен шағымданды. Алайда Жоғарғы соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен аппеляциялық сатыдағы сот актісі өзгеріссіз қалды.
Жаңалықтар
0