https://sputnik.kz/20250903/astanada-qay-mekemelerdin-zhumys-kestesi-ozgeredi-56791293.html
Астанада қай мекемелердің жұмыс кестесі өзгереді
Астанада қай мекемелердің жұмыс кестесі өзгереді
Sputnik Қазақстан
Өзгерістер мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T22:12+0500
2025-09-03T22:12+0500
2025-09-03T22:12+0500
астана
жұмыс кестесі
https://sputnik.kz/img/735/32/7353291_457:773:5494:3607_1920x0_80_0_0_4332ed39c65590b3c68ac622bb0b8421.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің жұмысы 7:30-да, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі.Айта кетері, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.Сонымен қатар тұрақ ережесін бұзып, жол қозғалысын қиындататын автокөліктер қатаң бақылауға алынады: құқықбұзушылардың автокөліктері айып тұрағына эвакуацияланады.
https://sputnik.kz/20250901/astanada-28-myn-oqushyga-arnalgan-zhana-mektepter-ashyldy-56732051.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/32/7353291_196:548:4737:3954_1920x0_80_0_0_e1c02429cd19a319c2fe9cdba62b6c72.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, жұмыс кестесі
Астанада қай мекемелердің жұмыс кестесі өзгереді
Өзгерістер мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Астанада бірнеше ұйым 15 қыркүйектен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Бұл шешім жолдарда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Өзгерістер қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты болады.
Осыған сәйкес, 15 қыркүйектен бастап қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің жұмысы 7:30-да, кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар – 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталу сағаты да сәйкесінше өзгертіледі.
"Жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетері, кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.
Бұл шаралар негізгі магистральдардағы таңғы және кешкі сағаттардағы көлік ағынын азайтуға бағытталған.
Сонымен қатар тұрақ ережесін бұзып, жол қозғалысын қиындататын автокөліктер қатаң бақылауға алынады: құқықбұзушылардың автокөліктері айып тұрағына эвакуацияланады.