Тоқаевтың Қытайға сапары кезінде тарихи оқиға болды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия Культурного центра Казахстана в Китае
Касым-Жомарт Токаев принял участие в церемонии открытия Культурного центра Казахстана в Китае - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Бейжіңде Қазақстанның мәдениет орталығы салтанатты түрде ашылды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы Қазақстан мәдениет орталығының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев өз сөзінде екі халықтың мәдени-гуманитарлық байланысы берік болса, достық нығая түсетінін, өнер мен мәдениет түрлі халықтың арасын жалғайтын алтын көпір екенін атап өтті.
"Мұны, шын мәнінде, тарихи оқиға деуге болады. Бұл – қазақтың қытай халқына деген риясыз көңілі. Сондай-ақ қытай жұртының қазаққа білдірген достық пейілі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент былтырдан бері Астанада Бейжің тіл және мәдениет университетінің филиалы жұмыс істей бастағанын жеткізді.
Ал Қытайға жасаған осы сапары аясында елімізде Лу Бань зертханасының екінші және үшінші орталықтары ашылды.
"Жалпы, Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас өте жоғары қарқынмен дамуда. Біз ынтымақтастықтың екінші "Алтын 30 жылдығына" қадам бастық", – деді мемлекет басшысы.
Тоқаев былтыр екі елдің тауар айналымы 44 миллиард долларға жеткенін, бұл бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш екенін атап өтті.
Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании казахско-китайского Делового совета в Пекине - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Тоқаев: Қытай – Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі
Жаңалықтар
0