https://sputnik.kz/20250902/qazaqstan-men-qytay-universitetteri-arasynda-20-dan-astam-quzhatqa-qol-qoyyldy-56768310.html
Қазақстан мен Қытай университеттері арасында 20-дан астам құжатқа қол қойылды
Қазақстан мен Қытай университеттері арасында 20-дан астам құжатқа қол қойылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері арасында 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды... 02.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-02T21:00+0500
2025-09-02T21:00+0500
2025-09-02T21:00+0500
қытай
диплом
https://sputnik.kz/img/07e9/09/02/56767738_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_e39d00c5be9d082c3450f7de052d30ec.jpg
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері арасында 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.Бұл келісімдер білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.Бұл қадам қазақстандық және қытайлық студенттерге бірлескен оқу бағдарламалары арқылы қос диплом алу мүмкіндігін ұсынып, халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жол ашады.Келісімдердің маңызды бөлігі білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Ляонин мұнай-химия университеті Қазақстан-Қытай халықаралық инженерлік мектебін ашу туралы уағдаласты және бірлескен халықаралық зертхана құру жөнінде келісімге қол қойды.Астана халықаралық университеті мен Бейжің тіл және мәдениет университеті Қазақстанда аталған университеттің филиалын ашу туралы қосымша келісімге қол қойды.Осы келісімдердің нәтижесінде екі ел арасындағы студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламалары кеңейіп, тағылымдама және тәжірибе алаңдары құрылмақ. Жоғары оқу орындарының бірлескен ғылыми жобалары, инновациялық орталықтары мен зертханалары іске қосылып, жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/02/56767738_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_e420bb92bd33eeb9bdf9a0b667e7387d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, диплом
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен Қытайдың беделді университеттері арасында 20-дан астам маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Бұл келісімдер білім беру, ғылым және инновациялар саласындағы серіктестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.
"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, ALT университеті, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті және басқа да жоғары оқу орындары Қытайдың жетекші университеттерімен бакалавриат және магистратура деңгейінде қос дипломды бағдарламаларды іске қосу туралы келісімдер жасасты", - деп жазылған хабарламада.
Бұл қадам қазақстандық және қытайлық студенттерге бірлескен оқу бағдарламалары арқылы қос диплом алу мүмкіндігін ұсынып, халықаралық еңбек нарығында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға жол ашады.
Келісімдердің маңызды бөлігі білім беру инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті мен Ляонин мұнай-химия университеті Қазақстан-Қытай халықаралық инженерлік мектебін ашу туралы уағдаласты және бірлескен халықаралық зертхана құру жөнінде келісімге қол қойды.
Астана халықаралық университеті мен Бейжің тіл және мәдениет университеті Қазақстанда аталған университеттің филиалын ашу туралы қосымша келісімге қол қойды.
Осы келісімдердің нәтижесінде екі ел арасындағы студенттер мен оқытушылардың алмасу бағдарламалары кеңейіп, тағылымдама және тәжірибе алаңдары құрылмақ. Жоғары оқу орындарының бірлескен ғылыми жобалары, инновациялық орталықтары мен зертханалары іске қосылып, жас ғалымдар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады.