Диқандар егіс алқабының 26 пайызын жинап үлгерді

© Photo : канал пресс-службы акима Павлодарской областиУборка урожая
Уборка урожая - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Астықтан бөлек, майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары жиналып жатыр
АСТАНА, 2 қыркүйек - Sputnik. Қазақстанда 5,9 млн тонна астық жиналды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
"Дәнді дақылдардың 4,2 млн гектары жиналып, бұл жалпы егіс алқабының 26 пайызын құрайды. 5,9 млн тонна астық бастырылды", - деп жазылған хабарламада.
Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері:
112,8 мың тонна майлы дақыл,
684,2 мың тонна картоп (өнімділігі – 241,5 ц/га),
1,9 млн тонна көкөніс (өнімділігі – 286,8 ц/га),
2 млн тоннадан астам бақша дақылдарын (өнімділігі – 272,6 ц/га) жинады.
Көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша:
340,4 мың тонна қырыққабат (өнімділігі – 374,8 ц/га),
326,9 мың тонна пияз (өнімділігі – 394,2 ц/га),
115,7 мың тонна сәбіз (өнімділігі – 302,9 ц/га) жиналды.
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.05.2025
Шымкентте студенттер егін жинайтын робот ойлап тапты
Жаңалықтар
0