Бір айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 50-ден астам қылмыстық іс қозғалды

© Sputnik / Абзал КалиевҚолдағы қаражат
Қолдағы қаражат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Алаяқтық” фактісі бойынша 6 іс және пара алып, пара беру бойынша 11 қылмыстық іс сотқа жіберілді
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Биыл тамызда Ұлттық қауіпсіздік қызметі сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 51 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ведомстводағылар.
"Луазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдаланғандарға қатысты 4 іс, билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдаланған 1 іс тіркелді. Бір айда пара алып, пара беруге қатысты 35 іс тіркелді", - дейді комитеттегілер.
Парақорлардың арасында делдал болған үш қылмыстық іс тіркелді.
Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салғандарға қатысты 9 қылмыстық іс сотқа жіберілді.
"Алаяқтық” фактісі бойынша 6 іс және пара алып, пара беру бойынша 11 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сондай-ақ парақорлыққа делдал болған 2 іс қаралып жатыр. Жалпы сотқа 29 қылмыстық іс жіберілді", - дейді комитет өкілдері.
Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңге сомасында сыйақы берілді.
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Онлайн ойындарды жарнамалаған блогерлерге қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Жаңалықтар
0