Ақтөбе тұрғыны дәрігердің бетіне түкіргені үшін жазаланды

CC0 / valelopardo / Медик, врач
Медик, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындамады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны дәрігерге құрмет көрсетпей, оның бетіне түкіргені үшін 115 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық соты медициналық қызметкердің заңды қызметіне кедергі жасаған әйелге қатысты істі қарады
"2025 жылдың наурыз айында №3 қалалық емхана ғимаратында әйел балалар офтальмолог дәрігеріне құрметсіздік танытып, қызметтік міндеттерін атқарып жатқан кезде оның бетіне түкіргені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Сот отырысында әйел өз кінәсін мойындамады, дәрігер-офтальмологқа құрметсіздік көрсеткенін жоққа шығарды.
Алайда сот оны ӘҚБтК-нің 80-1-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 117 960 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Түркістан облысында дәрігерді ұрған тұрғын қамауға алынды
Жаңалықтар
0