https://sputnik.kz/20250901/zhambyl-oblysynda-qylmystyq-topty-basqargan-sultan-makhmadov-ustaldy-56733012.html
Жамбыл облысында қылмыстық топты басқарған Сұлтан Махмадов ұсталды
Жамбыл облысында қылмыстық топты басқарған Сұлтан Махмадов ұсталды
Sputnik Қазақстан
Заңсыз кәсіпті ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды 01.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-01T14:27+0500
2025-09-01T14:27+0500
2025-09-01T14:27+0500
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e9/09/01/56731885_41:0:1835:1009_1920x0_80_0_0_01d242bd699a142f89f8ce5b36ef49b4.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жасырын жұмыс істеген спирт зауыты анықталып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес, Махмадовтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ этил спиртін міндетті лицензиясыз жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметін жүргізген.Махмадов 2010 жылы дәл сондай қылмыс үшін сотталған. Бірақ заңсыз кәсіпті тоқтатқан жоқ.Қылмыстық топ бірнеше өңірді қамтитын өткізу желісін де құрған. Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасы жолға қойылып, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жіберіліп отырды. Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалды.Жедел іс-шаралардың нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді. Ал өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды.Қазіргі кезде тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды. Ал заңсыз кәсіпті ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/01/56731885_266:0:1611:1009_1920x0_80_0_0_19152f33c31aee2bf2c3b08fc412e947.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
Жамбыл облысында қылмыстық топты басқарған Сұлтан Махмадов ұсталды
Заңсыз кәсіпті ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысында жасырын жұмыс істеген спирт зауыты анықталып, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан қылмыстық топтың басшысы ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, Махмадовтың басшылығымен әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топ этил спиртін міндетті лицензиясыз жаппай өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметін жүргізген.
Махмадов 2010 жылы дәл сондай қылмыс үшін сотталған. Бірақ заңсыз кәсіпті тоқтатқан жоқ.
“Күдіктілер заңсыз әрекетті жасыру мақсатында өз жұмысын биоэтанол мен мал азығына арналған қоспаларды заңды түрде өндіру ретінде көрсеткен. Алайда іс жүзінде серіктестік аумағында өнеркәсіптік көлемде этил спиртін өндіруге толық жабдықталған жасырын спирт зауыты ұйымдастырылған”, - дейді агенттік мамандары.
Қылмыстық топ бірнеше өңірді қамтитын өткізу желісін де құрған. Этил спиртін жеткізудің тұрақты арнасы жолға қойылып, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында орналасқан жасырын цехтарға жіберіліп отырды. Бұл цехтарда жеткізілген спирттен тұрғындардың денсаулығына елеулі қауіп төндіретін суррогат алкоголь өнімдері дайындалды.
Жедел іс-шаралардың нәтижесінде көлеңкелі айналымнан құны 280 млн теңгеден асатын 122 мың литр этил спирті тәркіленді. Ал өндірістік база аумағында жүргізілген тінту барысында 18 дана майнинг жабдығы анықталды.
Қазіргі кезде тәркілеу мақсатында 7 автокөлікке тыйым салынды. Ал заңсыз кәсіпті ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.