https://sputnik.kz/20250901/zhambyl-oblysynda-4-zhana-mektep-ashyldy-56736935.html
Жамбыл облысында 4 жаңа мектеп ашылды
Жамбыл облысында 4 жаңа мектеп ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Білім күніне орай Жамбыл облысында төрт жаңа білім беру нысаны салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық... 01.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-01T17:08+0500
2025-09-01T17:08+0500
2025-09-01T17:08+0500
жамбыл облысы
оқу жылы
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/09/01/56736620_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_bdb935f3669d0bd7b2f53319f1945cc8.jpg
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Білім күніне орай Жамбыл облысында төрт жаңа білім беру нысаны салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық әкімдік.Атап айтқанда, Жамбыл ауданына қарасты Бәйтерек (100 орындық) және Шайдана (150 орындық) ауылдарында заманауи мектептер іске қосылды.Мектеп заманауи талаптарға сай толық жабдықталған, дейді әкімдіктегілер. Мұнда пән кабинеттері мен зертханалар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған лифт қарастырылған.Сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері, қыш-керамика шеберханалары, үлкен спорт залы және ашық спорт алаңы бар. Бұл – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.Жаңа ашылған Шайдана орта мектебінде 15 оқу кабинеті, спорт зал, медициналық бөлме, ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері бар.Жаңа білім беру нысандары мен спорт алаңдарының іске ашылуы – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі келешекке деген сенімді қадам, дейді әкімдіктегілер.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/01/56736620_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_d041bb13d96d5c4ad93048b78099f199.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, оқу жылы, мектеп
жамбыл облысы, оқу жылы, мектеп
Жамбыл облысында 4 жаңа мектеп ашылды
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Білім күніне орай Жамбыл облысында төрт жаңа білім беру нысаны салтанатты түрде пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық әкімдік.
Атап айтқанда, Жамбыл ауданына қарасты Бәйтерек (100 орындық) және Шайдана (150 орындық) ауылдарында заманауи мектептер іске қосылды.
"Бәйтерек ауылындағы Ы. Алтынсарин атындағы мектептің құрылысы 2024 жылы басталып. Жобаның жалпы құны – 1,3 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.
Мектеп заманауи талаптарға сай толық жабдықталған, дейді әкімдіктегілер. Мұнда пән кабинеттері мен зертханалар, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған лифт қарастырылған.
Сондай-ақ ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері, қыш-керамика шеберханалары, үлкен спорт залы және ашық спорт алаңы бар. Бұл – оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік береді.
Жаңа ашылған Шайдана орта мектебінде 15 оқу кабинеті, спорт зал, медициналық бөлме, ұлдар мен қыздарға арналған технология кабинеттері бар.
Жаңа білім беру нысандары мен спорт алаңдарының іске ашылуы – ауыл тұрғындары үшін үлкен қуаныш әрі келешекке деген сенімді қадам, дейді әкімдіктегілер.