ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшыларының бірлескен мәлімдемесі жарияланды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил на саммите ШОС
Касым-Жомарт Токаев выступил на саммите ШОС - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының кеңесі бірлескен мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кеңес мүшелері алдымен Ұлы Жеңістің тарихын бұрмалауға қатысты өз ұстанымын білдірді. Бұл соғыста миллиондаған адам қаза тапты. Адамзат баласы үлкен қайғы-қасіретке тап болды. Ал қазіргі ұрпақ бейбітшілік пен бостандық үшін жанын пида еткендердің алдында қарыздар. Сондықтан ортақ Жеңіске арналған ескерткіштер мен мемориалды кешендерге құрметпен қарау қажет.
"Біз Ұлы Жеңістің мән-маңызы мен ШЫҰ-ға мүше елдері халықтарының фашизм мен милитаризмді талқандаудағы рөлін бұрмалауға, сондай-ақ ұлтшылдық пен нәсілдік үстемдік, геноцид және бейбіт тұрғындарға қарсы басқа да қылмыстарды ақтауға қатысты кез келген әрекетті айыптаймыз. Адамзатқа қарсы қылмыстардың ескіру мерзімі жоқ", - делінген бірлескен мәлімдемеде.
Ал II Дүнижүзілік соғыстың тарихи шындығын сақтау және ашық көрсету керек. Сонда ғана ондай трагедиялар қайталанбайды, қауіпсіздік пен ынтымақтастық күшейе түседі. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларын ары қарай жалғастыру қажет.
ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары БҰҰ-ның құрылуы да соғыстың маңызды нәтижесі болғанын ерекше атап өтті. Оған қазіргі халықаралық қарым-қатынастар жүйесі негізделген. 80 жылдың ішінде БҰҰ бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұстап тұру жағынан ынтымақтастық формаларын ұсына алатын әмбебап мемлекетаралық бірлестікке айналды. Бірақ ұйымға реформа жасайтын уақыт келді.
"БҰҰ беделі мен тиімділігін күшейту үшін дамушы елдердің қатысу жағын барынша қамтамасыз ету керек. Ол үшін ұйымға реформа жасау қажет. II Дүнижүзілік соғыстың Жеңісіне ортақ қауіп-қатерге қарсы біріккен барлық елдер мен халықтардың күш-жігері алып келді”, - деп атап көрсетті ШЫҰ мүше мемлекет басшылары.
Сондай-ақ олар әлемдік қауымдастықты ШЫҰ-ның “Әділетті әлем, келісім мен даму үшін әлемдік бірлік туралы” бастамасына қосылуға үндеді.
Қытайдағы ШЫҰ саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Қытайдағы ШЫҰ саммитінде қандай құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтар
0