https://sputnik.kz/20250901/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-1-qyrkuyek-56765882.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
Григориан күнтізбесі бойынша 244-ші күн, жыл соңына дейін 121 күн бар. 1 қыркүйектің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз 01.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-01T00:01+0500
2025-09-01T00:01+0500
2025-09-02T17:10+0500
дерекқор
1 қыркүйек
https://sputnik.kz/img/1138/18/11381811_60:0:2940:1620_1920x0_80_0_0_fcd25447b1c9c7f42e5426fc12177776.jpg
1 қыркүйекте қандай айтулы оқиға болдыБүгін көптеген елде Білім күні. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар үшін жаңа оқу жылы басталады.Өзбекстанда бүгін Тәуелсіздік күні тойланады.Кабардино-Балкарияда республика күні аталып өтеді.Ал Словакияда — Конституция күні.1 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1492 жылы Русь патшалығында жыл басы 1 наурыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды;1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды;1951 жылы Лондонда әлемдегі тұңғыш супермаркет ашылды;1964 жылы эфирге алғаш рет "Спокойной ночи, малыши" телебағдарламасы шықты;1997 жылы жаңа субатомдық бөлшектер – "экзотикалық мезондар" табылды.1 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редактор – Мұхамеджан Сералин, жауапты шығарушы - Бейімбет Майлин;1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде "Абайтану" пәнін енгізді;1965 жылы "Қазақстан-Семей" телеарнасы құрылды. 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты;2000 жылы Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен "Түрік дүниесі" газетінің бірінші саны жарыққа шықты;2001 жылы Қазақстан мен Мысыр республикасы арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті құрылды;2006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті.1 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар1875 жылы Тарзан туралы кітаптарымен танымал жазушы Райс Берроуз дүниеге келді;1949 жылы Фидель Кастроның үлкен ұлы, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, Куба ғылымдар академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт дүниеге келді;1958 жылы ресейлік театр және кино актері Сергей Гармаш ("Стиляги", "Белая гвардия", "Ленинград 46") дүниеге келді;1961 жылы ресейлік кинорежиссер, актер, продюсер, жазушы, белгілі режиссер Станислав Говорухиннің ұлы Сергей Говорухин дүниеге келді.1 қыркүйекте Қазақстанда кім туды1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Шағыров дүниеге келді;1921 жылы ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Мағауия Ермеков дүниеге келді;1928 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хасенхан Талғаров дүниеге келді;1932 жылы КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Халық қаһарманы" Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді;1948 жылы саясат және мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, экс-депутат, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1138/18/11381811_420:0:2580:1620_1920x0_80_0_0_a516a6638646e5df9d9ad715c0f1abc0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
1 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
00:01 01.09.2025 (жаңартылды: 17:10 02.09.2025) Григориан күнтізбесі бойынша 244-ші күн, жыл соңына дейін 121 күн бар. 1 қыркүйектің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз
1 қыркүйекте қандай айтулы оқиға болды
Бүгін көптеген елде Білім күні. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар үшін жаңа оқу жылы басталады.
Өзбекстанда бүгін Тәуелсіздік күні тойланады.
Кабардино-Балкарияда республика күні аталып өтеді.
Ал Словакияда — Конституция күні.
1 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1492 жылы Русь патшалығында жыл басы 1 наурыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды;
1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды;
1951 жылы Лондонда әлемдегі тұңғыш супермаркет ашылды;
1964 жылы эфирге алғаш рет "Спокойной ночи, малыши" телебағдарламасы шықты;
1997 жылы жаңа субатомдық бөлшектер – "экзотикалық мезондар" табылды.
1 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редактор – Мұхамеджан Сералин, жауапты шығарушы - Бейімбет Майлин;
1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде "Абайтану" пәнін енгізді;
1965 жылы "Қазақстан-Семей" телеарнасы құрылды. 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты;
2000 жылы Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен "Түрік дүниесі" газетінің бірінші саны жарыққа шықты;
2001 жылы Қазақстан мен Мысыр республикасы арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті құрылды;
2006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті.
1 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
1875 жылы Тарзан туралы кітаптарымен танымал жазушы Райс Берроуз дүниеге келді;
1949 жылы Фидель Кастроның үлкен ұлы, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, Куба ғылымдар академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт дүниеге келді;
1958 жылы ресейлік театр және кино актері Сергей Гармаш ("Стиляги", "Белая гвардия", "Ленинград 46") дүниеге келді;
1961 жылы ресейлік кинорежиссер, актер, продюсер, жазушы, белгілі режиссер Станислав Говорухиннің ұлы Сергей Говорухин дүниеге келді.
1 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Шағыров дүниеге келді;
1921 жылы ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Мағауия Ермеков дүниеге келді;
1928 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хасенхан Талғаров дүниеге келді;
1932 жылы КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Халық қаһарманы" Әзірбайжан Мәмбетов дүниеге келді;
1948 жылы саясат және мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, экс-депутат, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов дүниеге келді.