Ауғанстанда жер сілкінді - 600-ден астам адам қаза тапты

© Getty Images / Anadolu/Mustafa BikecПоследствия землетрясения в турецком Балыкесире
Последствия землетрясения в турецком Балыкесире - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Ауғанстанның шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Осы уақытқа дейін 600-ден астам адам қаза болғаны белгілі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жергілікті ақпарат құралдары таратқан мәліметке сәйкес, 31 тамызда түнгі сағат 23:47-де кенеттен жер сілкінген. Магнитудасы 6-ға дейін жетті. Ал эпицентрі небәрі 8 шақырым тереңдікте және Джалалабад қаласынан 27 шақырым шалғай жерде болды. Соның салдарынан жүздеген үй қирады. Дүмпулер Кабулда, тіпті, 400 шақырым жерде орналасқа Пәкістанның Исламабад қаласында сезілді.
Ауғанстанның ішкі істер министрлігі 610 адамның қаза тапқанын хабарлады. Бірақ құрбандардың нақты саны әлі белгісіз. Кейбір аудандарға жету қиын болып жатыр. Эпицентрге тек тікұшақпен баруға болады. Қазіргі кезде ол жаққа бірнеше әскери тікұшақ жіберілді. Оған қоса, жақында ғана толассыз жауған жаңбырдан кейін топырақ көшкіні басталды.
"Қазіргі кезде жарақат алған 1 300-ден астам адам тіркелген. Кейбір ауылдар толығымен жермен жексен болды, тұрғындардың бір бөлігі әлі де үйінділердің астында жатыр”,-делінген ресми хабарламада.
Ауғанстан билігі халықаралық ұйымдардан шұғыл көмек сұрады.
Непалдағы жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
Тибеттегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 95-ке жетті
Жаңалықтар
0