Білім күні 360 мың оқушыға алғашқы қоңырау соғылды

© SputnikАлғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Жазылу
Оқу-ағарту министрлігінің басшысы мұғалімдерді, ата-аналарды және оқушыларды білім күнімен құттықтады
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Жаңа оқу жылының басталуымен елдегі 8 мың мектепте 4 миллионнан астам мектеп партасына отырады. 360 мың бірінші сынып оқушысы үшін алғашқы қоңырау соғылы, деді Ғани Бейсембаев.
© SputnikАлғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2025
Алғашқы қоңырау
Білім министрі оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтап, оқудағы жетістіктерді атап өтті.
Оның айтуынша, өткен оқу жылында мектеп оқушылары халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсетіп, мыңнан астам медаль жеңіп алды, оның 193-і алтын.

"Әрбір екінші қатысушы жүлдемен оралды. Бұл отандық білімнің бәсекеге қабілеттілігінің және әрине, біздің ұстаздарымыздың еңбегінің сенімді дәлелі", - деді ол.

Министр қазірдің өзінде елімізде 3 мың мектеп бір ауысымда білім беріп жатқанын, тағы 232 жаңа мектеп салынып, 245 ғимаратта ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Биылғы оқу жылында жарты миллионнан астам мектеп оқушылары заманауи және жайлы жағдайда сабақ бастайды", - деді Бейсембаев.

1 қыркүйектен бастап барлық ұйымдарда "Адал азамат" білім беру бағдарламасы мен "Дос бол лайк" қорқытуға қарсы бағдарлама іске қосылады. Оның айтуынша, оқу жылының маңызды ерекшелігі оқу үдерісіне жасанды интеллектті енгізу болмақ.
Ол жұмысшы мамандығын таңдаған студенттердің барлығы колледждерде тегін оқитынын, бес колледж әлемнің жетекші кәсіпорындарымен және білім орталықтарымен ынтымақтастықты бастап жатқанын айтты.
"Бізді алдымызда айтулы оқиғалар күтіп тұр. Бұл Алматыда инклюзия бойынша бірінші дүниежүзілік конгресс, Ақтауда түркі әлемі елдерінің жұмысшы мамандықтарының чемпионаты, сондай-ақ мектеп ата-аналар комитеттерінің бірінші республикалық форумы", - деді Бейсембаев.
Оқу-ағарту министрлігінің басшысы ұстаздарға, ата-аналар мен мектеп оқушыларына жаңа жетістіктер, сенім мен шабыт тіледі.
Учебники, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2025
Оқу-ағарту министрлігі қай сыныптардың оқулықтары жаңартылғанын хабарлады
Жаңалықтар
0