Қазақстандық шахтерлер кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр

© Photo : http://kazminerals.infoШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов кеншілер мен көмір өнеркәсібі ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қазақстанда жыл сайын 31 тамызда Шахтерлер күні аталып өтеді. Бүгінде 30 көмір өндіретін кәсіпорында 32 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың арқасында жыл сайын 100 миллион тоннадан астам көмір өндіріліп, электр энергиясының 70 проценті шығарылады.
"Бүгінгі таңда да шахтерлер еліміздің дамуына шешуші үлес қосуда. Кенші еңбегі – нағыз ерлік. Жер қойнауынан пайдалы қазбаларды өндіру жоғары біліктілікті ғана емес, толықтай жанқиярлықты қажет етеді. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында энергетикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, өнеркәсіп дамып, Қазақстанның экономикалық әлеуеті нығая түсуде. Сіздер – еліміздің экономикасының тірегі әрі халықтың мақтанышысыздар", - дейді Ақкенженов.
Ал көмір өнеркәсібінің бастауында тұрған ардагерлер берік негіз қалап, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етті. Еңбектің қауіпсіздік мәдениеті мен даңқты дәстүрлерін қалыптастырды.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.01.2024
Қоғам
Енді шахтерлер арнаулы әлеуметтік төлем алады
Жаңалықтар
0