https://sputnik.kz/20250831/astanada-15-qyrkuyekten-bastap-zhumys-kuninin-bastalu-uaqyty-ozgeredi--56719807.html
Астанада 15 қыркүйектен бастап жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді
Астанада 15 қыркүйектен бастап жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді
Sputnik Қазақстан
Бұл таңертеңгі және кешкі уақытта қала көшелеріндегі жүктемені 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар 31.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-31T12:14+0500
2025-08-31T12:14+0500
2025-08-31T12:28+0500
астана
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/53018859_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_6ab46add2de58900ed0b814915c1d23f.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада көлік кептелісін азайту үшін бірқатар ұйымның жұмыс кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі. Астанада 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді деп жоспарланып отыр. Бұл шара жол қозғалысы жүктемесін азайтуға және көлік ағындарын оңтайландыруға бағытталған.Өзгерістер негізінен қаланың орталық аудандарында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты болады. Ал әлеуметтік нысандардың – мектептердің, медициналық мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады."Аталған шаралар таңғы уақытта көлік ағынын теңдей бөлуге және қаладағы ең көп көлік жүретін магистральдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көлік құралдарын тыйым салынған жерлерде тоқтату мен тұрақ ережелерін бұзу деректеріне қатысты көше-жол желісін әкімшілендіру жұмысы күшейтіледі. Ережені өрескел бұзғандардың көліктері айыппұл тұрағына эвакуацияланады. Сондай-ақ жаңа жылдамдық дәліздері мен қоғамдық көлік бағыттарын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұндай тәжірибе өзге мегаполистерде де сәтті қолданылып, оң нәтиже көрсетіп келеді", - деп хабарлады әкімдік. Алдын ала есептеулер бойынша, енгізілетін шаралар кешені таңертеңгі және кешкі уақытта қала көшелеріндегі жүктемені 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді.Мамандардың айтуынша, бұл шара экологиялық жағдайға да оң әсер етіп, қалалық мобильділіктің жалпы сапасын арттыра алады.Қазіргі уақытта Астананың әртүрлі аудандарындағы көлік ағындарына кешенді талдау жүргізілуде. Жұмыс күнінің басталу уақытын өзгертумен қатар, басқа да шаралар қарастырылып жатыр. Мысалы, кейбір ұйымдар үшін түскі үзіліс немесе ауысымның аяқталу уақыты өзгеруі мүмкін.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/1e/53018859_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_cb671420ba587e4954c2f85c0e28cecd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана
Астанада 15 қыркүйектен бастап жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді
12:14 31.08.2025 (жаңартылды: 12:28 31.08.2025) Бұл таңертеңгі және кешкі уақытта қала көшелеріндегі жүктемені 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді, дейді мамандар
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Астанада көлік кептелісін азайту үшін бірқатар ұйымның жұмыс кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.
Астанада 15 қыркүйектен бастап коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді деп жоспарланып отыр. Бұл шара жол қозғалысы жүктемесін азайтуға және көлік ағындарын оңтайландыруға бағытталған.
Өзгерістер негізінен қаланың орталық аудандарында орналасқан мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты болады. Ал әлеуметтік нысандардың – мектептердің, медициналық мекемелердің, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібі өзгеріссіз қалады.
"Аталған шаралар таңғы уақытта көлік ағынын теңдей бөлуге және қаладағы ең көп көлік жүретін магистральдардың жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, көлік құралдарын тыйым салынған жерлерде тоқтату мен тұрақ ережелерін бұзу деректеріне қатысты көше-жол желісін әкімшілендіру жұмысы күшейтіледі. Ережені өрескел бұзғандардың көліктері айыппұл тұрағына эвакуацияланады. Сондай-ақ жаңа жылдамдық дәліздері мен қоғамдық көлік бағыттарын құру жұмысы жүргізіліп жатыр. Мұндай тәжірибе өзге мегаполистерде де сәтті қолданылып, оң нәтиже көрсетіп келеді", - деп хабарлады әкімдік.
Алдын ала есептеулер бойынша, енгізілетін шаралар кешені таңертеңгі және кешкі уақытта қала көшелеріндегі жүктемені 15-20%-ға азайтуға мүмкіндік береді.
Мамандардың айтуынша, бұл шара экологиялық жағдайға да оң әсер етіп, қалалық мобильділіктің жалпы сапасын арттыра алады.
Қазіргі уақытта Астананың әртүрлі аудандарындағы көлік ағындарына кешенді талдау жүргізілуде. Жұмыс күнінің басталу уақытын өзгертумен қатар, басқа да шаралар қарастырылып жатыр. Мысалы, кейбір ұйымдар үшін түскі үзіліс немесе ауысымның аяқталу уақыты өзгеруі мүмкін.