Астана әуежайынан екі ай бойы күндіз ұшақтар ұшпайды

© Photo : Air Astana Самолет авиакомпании Air Astana
Самолет авиакомпании Air Astana  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Астана халықаралық әуежайында жөндеу жұмыстарына байланысты ұшу-қону жолағы екі рет жабылады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жолақтың жабылу мерзімдері:
2025 жылдың 1–4 қыркүйек аралығы;
2025 жылы 8 қыркүйектен 31 қазанға дейін.
"Жөндеу жұмыстары күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін жасалады. Аталған уақытта ұшақтар ұшпайды және қонбайды. Ал 5–7 қыркүйек аралығында ұшу-қону жолағы ашық болады, рейстер қалыпты режимде орындалады", - дейді мамандар.
Осыған байланысты ұшу кестесіне өзгерістер енгізілуі мүмкін. Сондықтан жолаушыларға рейстердің нақты уақытын авиакомпания өкілдерінен алдын ала нақтылап отыру қажет.
Жаңалықтар
0