Қазақстанда сырқаттанған балалардың саны артып барады

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуВрач подбирает очки для ребенка
Врач подбирает очки для ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2025
Жазылу
15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың жағдайы, керісінше, жақсарды
АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 14 жасқа дейінгі балалардың сырқаттану көрсеткіші артып барады, деп хабарлайды Ranking.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, 2021 жылдан 2024 жылға дейін көрсеткіш 100 мың тұрғынға шаққанда 94,8 мыңнан 96 мың жағдайға дейін ұлғайды. Балалар әсіресе асқазан, жүйке жүйесі, жұқпалы және паразиттік аурулар, есту органдарының ауруларымен жиі ауырады.
Ең көп таралған үштікке жүйке жүйесінің аурулары кірді.
"Жасөспірімдердің денсаулығына келетін болсақ, 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандардың жағдайы, керісінше, жақсарды", - деп жазды портал.
Республика бойынша бала көп аймақ - Түркістан облысы. Бір қызығы, бұл жақта бала аурушаңдығы төмен. Бірақ жасөспірімдер арасында тұмаумен ауру деңгейі жоғары.
Ал бала саны едәуір аз Солтүстік Қазақстан облысында керісінше балалар аурушаңдығы жоғары.
Екі ірі мегаполисте балалар арасында аурушаңдық жоғары. Бірақ Астана мен Алматының балалары дәрігерлерімен барынша қамтамасыз етілген.
Аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2022
Денсаулық
Министр ауыл халқы арасында қай ауру көп таралғанын айтты
Жаңалықтар
0