Алматыда алғашқы Цифрлық медицина орталығы ашылды

© Sputnik / Владислав ВодневИнфекциялық аурухана
Инфекциялық аурухана - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2025
Жазылу
Бірінші желіде медициналық білімі бар мамандар, ал екінші желіде - лицензиясы бар білікті дәрігерлер жұмыс істейді
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Алматыда денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызметті біріктірген заманауи Almaty Digital Medical Center - Цифрлық медицина орталығы ашылды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдау деректерін басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады.
Ведомство хабарлауынша, орталықта азаматтардың медициналық мәселесіне қатысты өтінішін қабылдайтын 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның арқасында емхана жүктемесі азайып, дәрігерлер пациентке көбірек уақыт бөле алады. Сондай-ақ жоғалған қоңырау саны айтарлықтай қысқарады.
Орталықта телемедициналық патронаж және жасанды интеллект негізіндегі дауыс көмекшілері енгізілген. Олар пациентті қашықтан бақылауға, мамандардың онлайн-консультациясын ұйымдастыруға, сондай-ақ қала тұрғындарын скрининг, вакциналау және тексеруге автоматты түрде шақыруға көмектеседі.
"Бірінші желіде медициналық білімі бар мамандар, ал екінші желіде - лицензиясы бар білікті дәрігерлер жұмыс істейді. Олар консультацияға жедел қосылып, онлайн-режимде кез келген клиникалық мәселені тез шеше алады", - деп түсіндірді бас директор Василий Мясников.
Мамандардың айтуынша, Almaty Digital Medical Center - медицина мен халықтың жаңа деңгейдегі өзара әрекеттестігі, ол қалалықтар үшін көмекті қолжетімді етіп, денсаулық сақтау жүйесінің ресурсын үнемдейді.
Қызылордада 1500 орындық Келешек мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Қызылордада 1500 оқушыға арналған "Келешек мектебі" ашылды
Жаңалықтар
0