Шымкентте полицей адам қағып өлтірді

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Әйел ағаштардың арасынан жүгіріп шыққан
АЛМАТЫ, 29 тамыз – Sputnik. Шымкентте полиция қызметкері көлігімен адам қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше оқиға 28 тамызда Желтоқсан көшесінде болған.
"Әйел адам ағаштардың арасынан кенеттен жүгіріп шығып, рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтпек болған", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдікті жол ережесін бұзбағанын айтады.
"Ол масаң күйде болмаған және жылдамдық режимін сақтаған. Қазіргі таңда кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - дейді ведомство қызметкерлері.
Детишки-попрошайки носят с собой объявления с номером телефона, привязанным к счету в банке - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.01.2025
Оралда полиция қызметкері жаяу жүргіншіні қағып өлтірді
Жаңалықтар
0