https://sputnik.kz/20250829/qazaqstandyqtar-shetelden-onlayn-satyp-alu-kezinde-ush-ese-az-salyq-toleydi-56670813.html
Қазақстандықтар шетелден онлайн сатып алу кезінде үш есе аз салық төлейді
Қазақстандықтар шетелден онлайн сатып алу кезінде үш есе аз салық төлейді
Sputnik Қазақстан
Қазіргі таңда егер электронды тапсырыс 200 еуродан асса, 15% мөлшерінде баж салынады, ал жаңа нормаға сәкес бұл салық 5% болып белгіленеді 29.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-29T15:06+0500
2025-08-29T15:06+0500
2025-08-29T15:06+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893858_87:0:3728:2048_1920x0_80_0_0_ab647e8b8dfacfcd36795ab26c6a417b.jpg
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Биыл 12 қыркүйекте өтетін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысында трансшекаралық электронды сауданы (маркетплейстер арқылы онлайн тапсырыстарды) реттеу мәселесі қаралады, деп хабарлайды Ведомости порталы.Интернет арқылы шетелден тауар сатып алатын жеке тұлғалар үшін жаңа ереже енгізілмек, бұл бұрын заң жүзінде нақты реттелмеген еді.Ұсынылған нормаларға сәйкес:Қашан күшіне енеді?Бұл ережелер ресми жарияланған күннен кейін 10 күннен соң күшіне енеді, бірақ алдымен ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер одаққа мүше елдерде ратификациялануға тиіс.Қазіргі таңда 200 еуроға дейін баж төленбейді. 200 еуродан асса, 15% баж салығы қолданылады.Жаңа ережеде:Ескерту: жаңа норма маркетплейстер арқылы сатып алынатын тауарларға қатысты. Яғни, мұның жеке тұлғалар арасында пошта арқылы жөнелтілетін тауарларға қатысы жоқ.Соңғы шешімді ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері консенсус арқылы қабылдайды. Кейін бұл нормалар Кеден кодексіне өзгерістер ретінде барлық елдерде мақұлдануы қажет.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893858_542:0:3273:2048_1920x0_80_0_0_0a0ac082cd7bdc80a5c7f4bb9cbb160c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Қазақстандықтар шетелден онлайн сатып алу кезінде үш есе аз салық төлейді
Қазіргі таңда егер электронды тапсырыс 200 еуродан асса, 15% мөлшерінде баж салынады, ал жаңа нормаға сәкес бұл салық 5% болып белгіленеді
АСТАНА, 29 тамыз - Sputnik. Биыл 12 қыркүйекте өтетін Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) кеңесінің отырысында трансшекаралық электронды сауданы (маркетплейстер арқылы онлайн тапсырыстарды) реттеу мәселесі қаралады, деп хабарлайды
Ведомости порталы.
Интернет арқылы шетелден тауар сатып алатын жеке тұлғалар үшін жаңа ереже енгізілмек, бұл бұрын заң жүзінде нақты реттелмеген еді.
Ұсынылған нормаларға сәйкес:
Кедендік баж салығынсыз жеткізу шегі – 200 еуро
Егер тапсырыс 200 еуродан асса – 5% мөлшерінде баж салығы салынады, бірақ ең кемі 1 еуро/кг.
Бұл ережелер ресми жарияланған күннен кейін 10 күннен соң күшіне енеді, бірақ алдымен ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілетін өзгерістер одаққа мүше елдерде ратификациялануға тиіс.
Қазіргі таңда 200 еуроға дейін баж төленбейді. 200 еуродан асса, 15% баж салығы қолданылады.
Шегі 200 еуро деңгейінде сақталады.
Бірақ баж салығы азаяды – 5% ғана.
Ескерту: жаңа норма маркетплейстер арқылы сатып алынатын тауарларға қатысты. Яғни, мұның жеке тұлғалар арасында пошта арқылы жөнелтілетін тауарларға қатысы жоқ.
Соңғы шешімді ЕАЭО елдерінің вице-премьерлері консенсус арқылы қабылдайды. Кейін бұл нормалар Кеден кодексіне өзгерістер ретінде барлық елдерде мақұлдануы қажет.