https://sputnik.kz/20250829/qazaqstanda-siyr-eti-nege-qymbattady-56675125.html
Қазақстанда сиыр еті неге қымбаттады
Қазақстанда сиыр еті неге қымбаттады
Sputnik Қазақстан
Басты себептер – субсидиялау тоқтатылды, жем-шөп қымбаттады, жалақы өсті, сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді 29.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-29T11:36+0500
2025-08-29T11:36+0500
2025-08-29T11:36+0500
сиыр
ет
қазақстан ет одағы
ауыл шаруашылығы министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51665837_0:49:1227:739_1920x0_80_0_0_79eace37699aeaec31308e780f6d67c9.jpg
АЛМАТЫ, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 7 айда 608,8 мың тонна ет өндірілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Сиыр еті қымбаттап, ішкі нарықта ет тапшылығының болу ықтималдығына қатысты алаңдаушылық туып отыр. Алайда динамика тұрақты, дейді министрлік.Қаңтар-шілде айларында елде 608,8 мың тонна ет өндіріліпті. Оның 205,7 мың тоннасы сиыр еті.Өндірушілерден ірі қара малдың тірідей салмақтағы көтерме бағасы 2400–3100 теңге/кг, бөлшек саудада – 3000–3700 теңге/кг аралығында, өңірлерге қарай өзгеріп отырады.Баға неге өсті:Бұған қоса жеткізумен айналысатын делдалдардың әсері бар.Сонымен қатар қазақстандық сиыр етіне сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді.Қаңтар–маусым айларында экспорт көлемі 16,1 мың тоннаны құрап, 2,4 есе өсті.Негізгі бағыттар:Қазіргі таңда бордақылау алаңдарының жүктемесі 35–40%. Оны арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жылдық 5%-бен 12 айға жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы енгізілді. Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді.Бағдарлама жас малды, жем-шөпті, ЖЖМ мен жабдықты сатып алуды қаржыландырады және бордақылау алаңдарының жүктемесін 60%-ға және одан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/11/51665837_0:0:1102:826_1920x0_80_0_0_47c18c7cb8c141124490f55eafebb3d5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сиыр, ет, қазақстан ет одағы, ауыл шаруашылығы министрлігі
сиыр, ет, қазақстан ет одағы, ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанда сиыр еті неге қымбаттады
Басты себептер – субсидиялау тоқтатылды, жем-шөп қымбаттады, жалақы өсті, сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді
АЛМАТЫ, 29 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 7 айда 608,8 мың тонна ет өндірілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Сиыр еті қымбаттап, ішкі нарықта ет тапшылығының болу ықтималдығына қатысты алаңдаушылық туып отыр. Алайда динамика тұрақты, дейді министрлік.
"Шілде айының соңындағы жағдай бойынша ірі қара 8,7 млн басқа жетті, оның 4,5 миллионы сиыр. Бұзау саны 2,7 млн басқа дейін өсті. Бұл өндіріс көлемін одан әрі арттыруға негіз болады", - дейді ведомство.
Қаңтар-шілде айларында елде 608,8 мың тонна ет өндіріліпті. Оның 205,7 мың тоннасы сиыр еті.
Өндірушілерден ірі қара малдың тірідей салмақтағы көтерме бағасы 2400–3100 теңге/кг, бөлшек саудада – 3000–3700 теңге/кг аралығында, өңірлерге қарай өзгеріп отырады.
селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты субсидиялау тоқтатылды,
энергия ресурстары қымбаттады,
жем-шөп, жанар-жағар май қымбаттады,
ветеринарлық препараттар құны артты, АӨК-дегі жалақы көтерілді.
Бұған қоса жеткізумен айналысатын делдалдардың әсері бар.
Сонымен қатар қазақстандық сиыр етіне сыртқы нарықтағы сұраныс артып келеді.
Қаңтар–маусым айларында экспорт көлемі 16,1 мың тоннаны құрап, 2,4 есе өсті.
Қазіргі таңда бордақылау алаңдарының жүктемесі 35–40%. Оны арттыру мақсатында 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жылдық 5%-бен 12 айға жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы енгізілді. Бұл мақсатқа 50 млрд теңге бөлінді.
Бағдарлама жас малды, жем-шөпті, ЖЖМ мен жабдықты сатып алуды қаржыландырады және бордақылау алаңдарының жүктемесін 60%-ға және одан жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.