Халық көлікті көп ала бастады – Ұлттық банк

© Sputnik / Владислав ВодневЛьготное автокредитование
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов инфляцияға әсер етіп отырған маңызды факторды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша биыл іскерлік белсенділік өсті. Алайда экономиканың өндірістік мүмкіндіктері халықтың сұранысын толығымен өтей алмай жатыр.
"Бүгінде сұраныс пен ұсыныстың алшақтығы сақталып отыр. Бұл жағдай инфляциялық қысымды күшейтіп жатыр. Ал тұтынушылық белсенділік өсіп келеді. Мәселен, сәуір айынан бері бөлшек саудада тауар айналымы 6,6 процентке артты. Ірі сатып алуларға, атап айтқанда, көліктерге сұраныс көбейді. Оған жеңілдетілген кредитпен сату туралы дилерлік ұсыныстар да әсер етіп отыр. Бұдан бөлек, баспана сату саласында жоғары белсенділік байқалып отыр", - деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Осы орайда банк басшысы сарапшылардың болжамына да тоқталды. Медиандық бағалау бойынша 2025 жылы инфляция 11,3 процент болады. Ал келесі жылы 9,5 процентке түседі деген болжам бар.
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
2026 жылы инфляция қай деңгейде болады – үкімет болжамы
Жаңалықтар
0