Ауыр қылмыс жасаған шетелдік Қазақстанда ұсталды

© AP Photo / Martin MejiaАрхивное фото человека в наручниках
Архивное фото человека в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Полиция қызметкерлері іздеу жариялаған тарапқа хабарлады
АЛМАТЫ, 29 тамыз – Sputnik. Көлік полицейлері мемлекетаралық іздеуде жүрген шетелдік азаматты ұстады, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі.
42 жастағы күдіктіні көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп қолға түсірген.
"Тексеру барысында ұсталған азаматтың өз елінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды", - дейді ведомство.
Қазіргі уақытта күдікті Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамауға алынды. Полиция қызметкерлері іздеу жариялаған тарапқа хабарлады. Қазір экстрадициялау мәселесі қаралуда.
Алматы әуежайында шетел азаматы 1 млн теңгеге жуық ақшасын белгісіз біреуге аударып жіберген - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2025
Алматы әуежайында шетелдік 1 млн теңгеге жуық ақшасын белгісіз біреуге аударып жіберген
Жаңалықтар
0