Әуе кемелерінің ұшуына кедергі келтіргендер қылмыстық жазаға тартылады

© Photo : Сайт Минобороны КазахстанаӘуе кемелерінің ұшуына кедергі келтіргендер қылмыстық жазаға тартылады
Әуе кемелерінің ұшуына кедергі келтіргендер қылмыстық жазаға тартылады   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Қылмыстық жауапкершілік 2025 жылдың 14 қыркүйегінен бастап енгізіледі
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Әуе кемелерінің ұшуына кедергі келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Лазер немесе дрон арқылы ұшқыштарға кедергі келтіру, ұшқышсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау — енді қылмыс болып саналады. Өзгеріс 2025 жылдың 14 қыркүйегінен бастап енгізілмек.
"Бұл өзгерістер жолаушылар мен экипаждың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алу үшін енгізіліп отыр. Енді жоғарыда аталған іс-әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылды", - дейді көлік министрлігі.
Лазерлік құрылғыларды немесе пилотсыз ұшу аппараттарын әуе кемесіне бағыттау арқылы әуе кемесін басқаруға кедергі келтірген жағдайда:
786 400 теңге мөлшерінде айыппұл салынады,
200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады;
50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.
Абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіріп не ірі залал келтіруге алып келген жағдайда:
11 796 000 дейінгі мөлшерде айыппұл салынады;
1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады;
4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектейді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
Колючая проволока - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
ҚАЖК колониялардың аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануға тыйым салды
Жаңалықтар
0