Вышинский Ресей мен Украинаның шын патриоты болды – Путин

© Vladimir TrefilovКирилл Вышинский
Кирилл Вышинский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Ресей президенті "Россия сегодня" ХАА ұжымына көңіл айтты
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин журналист, "Россия сегодня" газетінің атқарушы директоры Кирилл Вышинскийдің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Ресей президентінің пікірінше, Кирилл Вышинский ержүрек, жігерлі журналист болған.
"Киевте "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің Украинадағы өкілдігінің басшысы ретінде жұмыс істей жүріп, ол өзінің кәсіби борышын адал атқарды, шындықты қорғады", - делінген жеделхатта.
Путиннің айтуынша, неонацистік режим оны қуғындаған, бірақ Кирилл сынбады, өзінің сенімі мен принциптеріне опасыздық жасамады.
"Ресей мен Украинаның шын патриоты Кирилл Вышинский біз барлық сынақты еңсеріп, тарихтың қазіргі қасіретті бетін аударып, ғасырлар бойы халықтарымызды байланыстырып келген достық пен бауырластық дәстүрін қайта жаңғыртып, нығайтатынымызға шын жүректен сенді", - деді Путин.
Оның айтуынша, "Кирилл Вышинский туралы жақсы естеліктер осы адамды білетіндердің жүрегінде мәңгі сақталады".
Кирилл Вышинский 23 тамызда ұзаққа созылған дерттен 59 жасында қайтыс болды.
Жаңалықтар
0