Тәжікстан президенті Орталық Азиядағы достық туралы шартқа қол қойды

© пресс-служба МИД КазахстанаТәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеуді қабылдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
2022 жылы келісімге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары қол қойған болатын
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Орталық Азиядағы достық туралы шартқа қол қойды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Эмомали Рахмон Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен кездесуінен кейін құжатқа қол қойған.
2022 жылы келісімге Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары қол қойған болатын. Оған бес мемлекет қол қоюы керек: құжатта көзделген соңғы мемлекет – Түрікменстан.
Шартта мыналар көрсетілген:
оның ішінде шекаралардың мызғымастығы, ішкі істерге араласпау, күш қолданбау қағидаттары;
елдердің осы елдердің біріне қарсы бағытталған әскери одақтарға немесе блоктарға қосылмауға және осы елдердің ешқайсысына қарсы әрекеттерге қатыспауға міндеттелетіні;
үшінші елдерге өз аумақтарын келісім бойынша серіктестердің бірінің қауіпсіздігіне нұқсан келтіре отырып пайдалануға жол бермейтіні.
Сондай-ақ құжатта Арал теңізі, табиғи апаттардың зардаптарын жоюға көмектесу, кәсіпкерлерге жағдай жасау және тағы басқа маңызды мәселелер қарастырылған.
Палау - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2025
Астанада Тәжікстан аспаздары 10 қазан палау дайындайды
Жаңалықтар
0