Студенттердің шәкіртақысы қаншаға өседі – министрлік нақты сомасын жариялады

© Sputnik / Сергей Пятаков / Медиабанкке өтуАудиториядағы студент
Аудиториядағы студент - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Магистратурада шәкіртақы - 117 098 теңге, ал докторантурада 262 500 теңгеге дейін өседі
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі жаңа оқу жылынан бастап студентттердің шәкіртақысы қаншаға көтерілетінін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, биыл стипендия екі есеге өседі.
"1 қыркүйектен бастап бакалавриат студенттері үшін стипендия 52 372 теңге, соның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін 84 000 теңге болады", - деді Көбенова орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Бұдан бөлек, магистратурада шәкіртақы - 117 098 теңге, ал докторантурада 262 500 теңгеге дейін өседі.
Оқу орнындағы студенттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2025
Ең жоғары стипендия 262 мыңға дейін көтеріледі - министрлік
Жаңалықтар
0