Шығын 1 млрд теңгеден асқан: 150 адамды алдаған алаяқтар сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, банкноты
Деньги, тенге, купюры, банкноты   - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. 1 млрд теңгеден астам шығын келтірген алаяқтар сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Олар алаяқтық схема жасап, бірнеше жыл бойы мемлекеттік бағдарлама атын жамылып әрекет еткен.
"Екі таныс кеңсені жалға алып, жұмыс істеп тұрған ЖШС-ның деректемелерін пайдаланған. Жеңілдетілген шарттармен Астана мен Алматы қалаларында орналасқан жоғары санатты тұрғын үйлерді алып беруге, сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама аясында несие мен қарыз рәсімдеуге уәде беріп, жалған келісімшарттар жасаған", - дейді ведомство.
Салдарынан 150 жәбірленуші 1 млрд теңгеден астам шығынға ұшырады.
Сот үкімімен олардың әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді, сондай-ақ олар 5 жыл бойы материалдық жауапты және басшылық қызметтер атқара алмайды.
Келтірілген материалдық залал сотталғандардан өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0