https://sputnik.kz/20250828/qazaqstan-1-10-qyrkuyek-aralygynda-qytayga-astyq-zhoneltuge-tyyym-saldy-56618375.html
Қазақстан 1-10 қыркүйек аралығында Қытайға астық жөнелтуге тыйым салды
Қазақстан 1-10 қыркүйек аралығында Қытайға астық жөнелтуге тыйым салды
Sputnik Қазақстан
Бұған Алтынкөл стансасында жүк пойыздарының жиналып қалуы себеп болды 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-28T08:58+0500
2025-08-28T08:58+0500
2025-08-28T08:58+0500
қытай
астық
тыйым
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:52:1081:660_1920x0_80_0_0_65d51924f0800f5bfe63d6cf49cd206b.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы бірқатар ауыл шаруашылығы тауарын Қытайға тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрықты ұзартты. Құжатта бұл шара 1-10 қыркүйек аралығында әрекет ететіні айтылған, деп хабарлайды "APK News" ақпарат агенттігі.Бұйрыққа 2025 жылғы 26 тамызда қол қойылды. Құжатта теміржол құрамдарынан жүк түсірудің жүйелі түрде кешігуі және Қытай тарапының ауыл шаруашылығы өнімдері (астық дақылдары, бидай, зығыр, майлы дақылдар, арпа, мал азығы, ұн, қайта өңдеу өнімдері) тиелген жабық вагондарды Алтынкөл стансасы арқылы қабылдамауына байланысты стансада жылжымалы құрамның жиналып қалғаны хабарланған.Осыған байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 10 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі кезеңде Алтынкөл өткізу пункті арқылы Қытай Халық Республикасына жөнелтілетін бидай, зығыр, майлы дақылдар, арпа, құрама жем, ұн, кебек, ұн және басқа да астық өңдеу өнімдері (жүгеріден басқа) тиелген жабық вагондарды тасымалдауға қабылдауға және қайта бағыттауға тыйым салу туралы шешім қабылданды.Бұйрықта жағдай тұрақталған және тасымалдау шарттары жақсарған жағдайда аталған тыйым алынып тасталатыны да көрсетілген.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/02/56122100_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_5be1d8838d05b9d365a991afb6eeed1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, астық, тыйым
Қазақстан 1-10 қыркүйек аралығында Қытайға астық жөнелтуге тыйым салды
Бұған Алтынкөл стансасында жүк пойыздарының жиналып қалуы себеп болды
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы бірқатар ауыл шаруашылығы тауарын Қытайға тасымалдауға тыйым салу туралы бұйрықты ұзартты. Құжатта бұл шара 1-10 қыркүйек аралығында әрекет ететіні айтылған, деп хабарлайды "
APK News" ақпарат агенттігі.
Бұйрыққа 2025 жылғы 26 тамызда қол қойылды. Құжатта теміржол құрамдарынан жүк түсірудің жүйелі түрде кешігуі және Қытай тарапының ауыл шаруашылығы өнімдері (астық дақылдары, бидай, зығыр, майлы дақылдар, арпа, мал азығы, ұн, қайта өңдеу өнімдері) тиелген жабық вагондарды Алтынкөл стансасы арқылы қабылдамауына байланысты стансада жылжымалы құрамның жиналып қалғаны хабарланған.
"Алдын ала мәлімет бойынша станцияда астық тиелген 310-нан астам жабық вагон тұр, олардың күту мерзімі жиырма тәулікке дейін барады", - деп жазылған хабарламада.
Осыған байланысты 2025 жылғы 1 қыркүйектен 10 қыркүйекке (қоса алғанда) дейінгі кезеңде Алтынкөл өткізу пункті арқылы Қытай Халық Республикасына жөнелтілетін бидай, зығыр, майлы дақылдар, арпа, құрама жем, ұн, кебек, ұн және басқа да астық өңдеу өнімдері (жүгеріден басқа) тиелген жабық вагондарды тасымалдауға қабылдауға және қайта бағыттауға тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Бұйрықта жағдай тұрақталған және тасымалдау шарттары жақсарған жағдайда аталған тыйым алынып тасталатыны да көрсетілген.