АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. "Новая волна" халықаралық ән байқауында Қазақстан екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады. Sputnik Қазақстан тілшісі жеңімпаз... 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. "Новая волна" халықаралық ән байқауында Қазақстан екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады. Sputnik Қазақстан тілшісі жеңімпаз әншілерді әуежайдан қарсы алып, байқау туралы пікірін білді.Байқау жеңімпазы Александр Лим (Alex Lim лақап атымен танымал) мен үшінші орын иесі Ерназар Жұбан Ресейдің Қазан қаласынан елге оралды.Ерназар Жұбанға Байғабыл Серкебаев ән жазып беріп, оны әнші екінші турда орындаған.Талғам мен талап таразы басына түскен сәтте қазылар алқасының көңілінен шығу әсте оңай болмады дейді олар.Байқауға барған уақытта Ерназар ауырып қалса, Александр отбасын сағынған. Тіпті жүлделі орын да әнші жігіттерді жұбата қоймапты. Жүлде демекші, екі әнші де ақшалай сыйлықтан хабарсыз."Жүлдеге қанша қаражат алатыным белгісіз. Келісімшарт, ешнәрсе болған жоқ, жеке шоттарымызды жазып алып қалды", - дейді Ерназар Жұбан.Айта кетері, бұл жолы "Новая волна" халықаралық ән байқауында 4 мемлекеттен 13 өнерпаз бақ сынасты.
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. "Новая волна" халықаралық ән байқауында Қазақстан екі бірдей жүлдені қанжығасына байлады. Sputnik Қазақстан тілшісі жеңімпаз әншілерді әуежайдан қарсы алып, байқау туралы пікірін білді.
Алматы жұрты "Новая волна" жеңімпаздары Alex Lim мен Ерназарды қарсы алды
Алматы жұрты "Новая волна" жеңімпаздары Alex Lim мен Ерназарды қарсы алды
Байқауға барған уақытта Ерназар ауырып қалса, Александр отбасын сағынған. Тіпті жүлделі орын да әнші жігіттерді жұбата қоймапты. Жүлде демекші, екі әнші де ақшалай сыйлықтан хабарсыз.
"Жүлдеге қанша қаражат алатыным белгісіз. Келісімшарт, ешнәрсе болған жоқ, жеке шоттарымызды жазып алып қалды", - дейді Ерназар Жұбан.
Айта кетері, бұл жолы "Новая волна" халықаралық ән байқауында 4 мемлекеттен 13 өнерпаз бақ сынасты.