https://sputnik.kz/20250828/mal-bordaqylaytyndar-23-mlrd-tenge-zhenildetilgen-kredit-surady-56622407.html
Мал бордақылайтындар 23 млрд теңге жеңілдетілген кредит сұрады
Мал бордақылайтындар 23 млрд теңге жеңілдетілген кредит сұрады
Sputnik Қазақстан
Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-28T08:00+0500
2025-08-28T08:00+0500
2025-08-28T08:00+0500
ауыл шаруашылығы
кредит
несие
пайызсыз несие
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020815_0:1:3639:2048_1920x0_80_0_0_7bd401e48c57889795ac78bd3f4bd4d8.jpg
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Мал бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 23,3 млрд теңгеге 45 өтінім берілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.Оның ішінде 22,3 млрд теңге болатын 42 өтінім ірі қара малды, ал 950 млн теңгеге 3 өтінім ұсақ малды бордақылау бағытында түсті.Несиелеудің негізгі шарттары:Кредитті негізгі қызметі ірі қара немесе ұсақ мал бордақылайтын және қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар ала алады.Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек.Өтінім беру немесе кеңес алу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын жердегі аймақтық филиалына жүгіну қажет.Айта кетері, бағдарлама биыл тамыздың басында басталған болатын. Жалпы қаржыландыру көлемі – 50 млрд теңге. Негізгі мақсат – айналым қаражатын толықтыруға қолжетімді кредит беру арқылы ірі қара мен ұсақ малды бордақылаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/16/15020815_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_2a7dfe3ec4054458b2f5b843a5907c34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, кредит, несие, пайызсыз несие
ауыл шаруашылығы, кредит, несие, пайызсыз несие
Мал бордақылайтындар 23 млрд теңге жеңілдетілген кредит сұрады
Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Мал бордақылау алаңдарын жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша 23,3 млрд теңгеге 45 өтінім берілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Оның ішінде 22,3 млрд теңге болатын 42 өтінім ірі қара малды, ал 950 млн теңгеге 3 өтінім ұсақ малды бордақылау бағытында түсті.
"Ең белсенділік танытып отырған өңірлер – Батыс Қазақстан, Түркістан, Ақтөбе облыстары", - деп жазылған хабарламада.
Несиелеудің негізгі шарттары:
қарыз мерзімі – 12 айға дейін,
сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%.
Кредитті негізгі қызметі ірі қара немесе ұсақ мал бордақылайтын және қажетті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар ала алады.
Бағдарламаға қатысу үшін бордақыланған малдың кемінде 50%-ін отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу керек.
Өтінім беру немесе кеңес алу үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның жақын жердегі аймақтық филиалына жүгіну қажет.
Айта кетері, бағдарлама биыл тамыздың басында басталған болатын. Жалпы қаржыландыру көлемі – 50 млрд теңге. Негізгі мақсат – айналым қаражатын толықтыруға қолжетімді кредит беру арқылы ірі қара мен ұсақ малды бордақылаумен айналысатын кәсіпорындарды қолдау.