Енді кредитті ерте жапқандар айыппұл төлемейді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото
Знак процента в витрине банковского учреждения, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады
АЛМАТЫ, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 31 тамыздан бастап кредитті ерте жабуға қатысты жаңа заң күшіне енеді, деп хабарлайды Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.
31 тамыздан бастап қарызды мерзімінен бұрын өтегені үшін айыппұл санкциялары заңды тұлғаларға ғана қолданылатын норма күшіне енеді.
"Жеке тұлғалар кредитті кез келген уақытта айыпақы төлемей мерзімінен бұрын өтей алады. Бұл норма барлық шартқа, оның ішінде бұрын жасалған шарттарға қолданылады. Алайда өзгерістер күшіне енгенге дейін төленген айыппұл мен айыпақы қайтарылмайды", - дейді ведомство.
Мерзімінен бұрын төлем борыш жүктемесін азайтуға, кредиттік тарихты жақсартуға және қарыз алушылардың қаржылық орнықтылығын нығайтуға ықпал етеді, дейді агенттік.
Теңге, валюта - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Қазақстанда кредит беру тәртібін өзгерту ұсынылды
Жаңалықтар
0