https://sputnik.kz/20250828/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-28-tamyz-56640455.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 тамыз
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 тамыз
Sputnik Қазақстан
Бұл Григориан күнтізбесінде 240-шы күн. Жыл соңына дейін 125 күн бар 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-28T00:01+0500
2025-08-28T00:01+0500
2025-08-28T00:01+0500
танымал есімдер
қызықты деректер
танымал тұлғалар
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
https://sputnik.kz/img/1105/81/11058164_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_2de985612b7b0be5936b207807b43254.jpg
28 тамызда не болғанын білесіз бе?Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.28 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды28 тамыз күні АҚШ-та "Арман күні" деген бейресми атаумен мереке аталып өтеді. Дәл осы күні 1963 жылы Мартин Лютер Кинг : "Менің арманым бар" ("I have a dream") деп айтқан болатын. Бұл цитата әлемге кең тарап кетті. Қара нәсілділердің құқығын қорғау үшін күрескен қайраткер осы сөздерді Линкольн мемориалында айтты. Ол кезде бейбіт наразылық акциясы өткен болатын. Мартин Лютер Кинг адамдар нәсілі, тілі мен түріне қарамастан, тең құқыққа ие болады деген арманын айтты. Марштан кейін билік азаматтық құқық жөніндегі заңды қабылдады.Черногорияда елді корольдік деп жариялау күні аталып өтеді. 1515 -1851 жылдар аралығында Черногорияны діни көшбасшылар басқарды. Бірінші Данило діни саннан бас тартқан соң, мемлекеттің бірінші зайырлы лидері атанды.Жаз соңында бүкіл славян жерінде бидай, арпа, басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталады, келесі жылға тұқым дайындалады. Спожинки мерекесінің атауы осыдан шыққан.28 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар1883 жылы – Британия империясында құлдыққа тыйым салынды;1960 жылы – Братиславада жоғары пилотаждан алғашқы әлем чемпионаты басталды;1966 жылы – Аргентинада ереуіл өткізу құқығы алынып тасталды;1976 жылы – АҚШ-та алғаш рет жасанды ген синтезделді.28 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1930 жылы – Павлодар ауданының "Заман тынысы" газеті шықты, басылымның алғашқы нөмірлері қазақ және орыс тілдерінде басылған;1996 жылы – Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті;1998 жылы – Қазақстандық "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясы ТМД фестивалінде бірінші орын иеленді;2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы кө бейінді "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қалады. Нысан құрылысы 2020 жылы астана күніне орай аяқталады деп жоспарланып отыр.28 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар1749 жылы неміс ақыны, ойшыл, мемлекет қайраткері Иоганн Гете дүниеге келді;1947 жылы ресейлік театр және кино әртісі Юрий Беляев туды;1948 жылы кеңестік театр және кино әртісі Наталья Гундарева өмірге келді;1984 жылы биатлоншы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Анастасия Кузьмина дүниеге келді;1969 жылы америкалық киноәртіс Джек Блэк туды.28 тамызда Қазақстанда кім туды1889 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Садық Аманжолов туды;1904 жылы атақты әнші, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жүсіпбек Елебеков өмірге келді;1921 жылы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұл туды;1931 жылы көрнекті мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді;1941 жылы Қазақстан маммологтары одағының президенті Әскер Есенқұлов дүниеге келді;1950 жылы қазақ футболының жарық жұлдызы Сейілдә Байшақов туды.1951 жылы Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Құқық саясаты және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Удальцев дүниеге келді.Ай күнтізбесіАй Арыстан белгісінде орналасады. Өте қолайлы, ішкі бостандық, тұрмыста қызық-қуаныш сезіледі. Отау құруға таптырмайтын күн.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1105/81/11058164_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_979694e15de044f2204e487f11c71abe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
танымал есімдер, қызықты деректер, танымал тұлғалар, бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 28 тамыз
Бұл Григориан күнтізбесінде 240-шы күн. Жыл соңына дейін 125 күн бар
28 тамызда не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын
Sputnik дерекқорынан оқыңыз.
28 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
28 тамыз күні АҚШ-та "Арман күні" деген бейресми атаумен мереке аталып өтеді. Дәл осы күні 1963 жылы Мартин Лютер Кинг : "Менің арманым бар" ("I have a dream") деп айтқан болатын. Бұл цитата әлемге кең тарап кетті. Қара нәсілділердің құқығын қорғау үшін күрескен қайраткер осы сөздерді Линкольн мемориалында айтты. Ол кезде бейбіт наразылық акциясы өткен болатын. Мартин Лютер Кинг адамдар нәсілі, тілі мен түріне қарамастан, тең құқыққа ие болады деген арманын айтты. Марштан кейін билік азаматтық құқық жөніндегі заңды қабылдады.
Черногорияда елді корольдік деп жариялау күні аталып өтеді. 1515 -1851 жылдар аралығында Черногорияны діни көшбасшылар басқарды. Бірінші Данило діни саннан бас тартқан соң, мемлекеттің бірінші зайырлы лидері атанды.
Жаз соңында бүкіл славян жерінде бидай, арпа, басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталады, келесі жылға тұқым дайындалады. Спожинки мерекесінің атауы осыдан шыққан.
28 тамызда әлемде болған тарихи оқиғалар
1883 жылы – Британия империясында құлдыққа тыйым салынды;
1960 жылы – Братиславада жоғары пилотаждан алғашқы әлем чемпионаты басталды;
1966 жылы – Аргентинада ереуіл өткізу құқығы алынып тасталды;
1976 жылы – АҚШ-та алғаш рет жасанды ген синтезделді.
28 тамызда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1930 жылы – Павлодар ауданының "Заман тынысы" газеті шықты, басылымның алғашқы нөмірлері қазақ және орыс тілдерінде басылған;
1996 жылы – Венгрияда Қазақ мәдениетінің күндері өтті;
1998 жылы – Қазақстандық "Тоғысқан тағдырлар" телехикаясы ТМД фестивалінде бірінші орын иеленді;
2009 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы кө бейінді "Абу-Даби Плаза" кешені құрылысының іргетасына капсула қалады. Нысан құрылысы 2020 жылы астана күніне орай аяқталады деп жоспарланып отыр.
28 тамызда дүниеге келген танымал тұлғалар
1749 жылы неміс ақыны, ойшыл, мемлекет қайраткері Иоганн Гете дүниеге келді;
1947 жылы ресейлік театр және кино әртісі Юрий Беляев туды;
1948 жылы кеңестік театр және кино әртісі Наталья Гундарева өмірге келді;
1984 жылы биатлоншы, үш дүркін Олимпиада чемпионы Анастасия Кузьмина дүниеге келді;
1969 жылы америкалық киноәртіс Джек Блэк туды.
28 тамызда Қазақстанда кім туды
1889 жылы Алаш қозғалысының қайраткері Садық Аманжолов туды;
1904 жылы атақты әнші, Қазақ КСР халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жүсіпбек Елебеков өмірге келді;
1921 жылы белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы Нысанбек Төреқұл туды;
1931 жылы көрнекті мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді;
1941 жылы Қазақстан маммологтары одағының президенті Әскер Есенқұлов дүниеге келді;
1950 жылы қазақ футболының жарық жұлдызы Сейілдә Байшақов туды.
1951 жылы Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, Құқық саясаты және конституциялық заңнама ғылыми-зерттеу институтының директоры Сергей Удальцев дүниеге келді.
Ай Арыстан белгісінде орналасады. Өте қолайлы, ішкі бостандық, тұрмыста қызық-қуаныш сезіледі. Отау құруға таптырмайтын күн.