https://sputnik.kz/20250828/belgilengen-merzimde-zhangyrtylmagan-bazarlardyn-qyzmeti-toqtatyluy-mumkin---ministr-56661274.html
Белгіленген мерзімде жаңғыртылмаған базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін - министр
Белгіленген мерзімде жаңғыртылмаған базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін - министр
Sputnik Қазақстан
2026 жылдың 1 қаңтарына дейін елдегі барлық базар заманауи стационарлық нысандар форматына көшірілуі тиіс 28.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-28T20:32+0500
2025-08-28T20:32+0500
2025-08-28T20:32+0500
қарағанды
министр
базар
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1c/56660976_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_bbc5ae9f38acedcefee048e7ab7fddae.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, сауда нысандарының жағдайымен танысты.Сапар барысында министр базарларды аралап, олардың жаңғыртылу барысын тексерді және инфрақұрылымды әрі қарай дамыту шараларын талқылады.Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін елдегі барлық базар заманауи стационарлық нысандар форматына көшірілуі тиіс. Бұл мерзім үш рет кейінге шегерілген, сондықтан енді қайтадан мерзімде ұзарту қарастырылмайды.Министр базарларды инженерлік желілерге қосу, жобалық құжаттаманы келісу және қаржыландыру мәселелері шешімін таппай отырғанын ескертті. Ол бұл міндеттерді орындау үшін негізгі жауапкершілік базар иелеріне жүктелетінін және белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін қадап айтты.Арман Шаққалиев базарларды жаңғырту парламенттің бақылауында екенін еске салды. Белгіленген мерзімде жұмыстарын аяқтамаған нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 626 базар жұмыс істейді, оның 256-сы жаңғыртуға жатады. Бүгінгі күні 156 нысан қайта құрылды, ал 2025 жылы тағы 100 базарды жаңарту жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250117/qazaqstanda-100-bazar-zhanartylady--ministrlik-50050261.html
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1c/56660976_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_ae7bdb56b4a74e3d8c581e3447b56be7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, министр, базар
қарағанды, министр, базар
Белгіленген мерзімде жаңғыртылмаған базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін - министр
2026 жылдың 1 қаңтарына дейін елдегі барлық базар заманауи стационарлық нысандар форматына көшірілуі тиіс
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып, сауда нысандарының
жағдайымен танысты.
Сапар барысында министр базарларды аралап, олардың жаңғыртылу барысын тексерді және инфрақұрылымды әрі қарай дамыту шараларын талқылады.
Еске салайық, 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін елдегі барлық базар заманауи стационарлық нысандар форматына көшірілуі тиіс. Бұл мерзім үш рет кейінге шегерілген, сондықтан енді қайтадан мерзімде ұзарту қарастырылмайды.
Министр базарларды инженерлік желілерге қосу, жобалық құжаттаманы келісу және қаржыландыру мәселелері шешімін таппай отырғанын ескертті. Ол бұл міндеттерді орындау үшін негізгі жауапкершілік базар иелеріне жүктелетінін және белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін қадап айтты.
Арман Шаққалиев базарларды жаңғырту парламенттің бақылауында екенін еске салды. Белгіленген мерзімде жұмыстарын аяқтамаған нысан иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті базарлардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
"Біздің басты мақсатымыз – сауда нысандарын тек жаңарту ғана емес, сатып алушылар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау. Базарларды жаңғырту халықтың өмір сапасымен және өркениетті сауданың дамуымен тікелей байланысты", – деді министр.
Министрлік мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 626 базар жұмыс істейді, оның 256-сы жаңғыртуға жатады. Бүгінгі күні 156 нысан қайта құрылды, ал 2025 жылы тағы 100 базарды жаңарту жоспарланған.