https://sputnik.kz/20250827/turkistan-oblysynda-zhugeri-ondeytin-zauyt-iske-qosylady-56603058.html
Түркістан облысында жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Түркістан облысында жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Биыл 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланып отыр 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T08:00+0500
2025-08-27T08:00+0500
2025-08-27T08:00+0500
зауыт
өндіріс
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182452_6:0:3647:2048_1920x0_80_0_0_efc78d5cba058f305c54af5831f694fc.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.Жобаны "Казкрахмал" ЖШС жүзеге асырып жатыр.2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылады.Жалпы инвестиция көлемі 35 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өнімі ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие.Жобаны іске асыру Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.
https://sputnik.kz/20250806/qazaqstanda-mal-azygy-qospasyn-ondiretin-algashqy-zauyt-salynady-56209397.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182452_461:0:3192:2048_1920x0_80_0_0_1c99967a36d4381c4e12c792fc9385ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, өндіріс, түркістан облысы
зауыт, өндіріс, түркістан облысы
Түркістан облысында жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Биыл 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланып отыр
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында жылына 150 мың тонна жүгері өңдейтін крахмал-сірне зауыты іске қосылады, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жобаны "Казкрахмал" ЖШС жүзеге асырып жатыр.
"Қазіргі таңда шикізатты қабылдау, кептіру және сақтау кешендері іске қосылды. Қазір өндірістік қуаттарды енгізу және қалдықсыз өңдеу технологиясын қолдану жұмыстары жүргізілуде", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылы крахмал, сірне, тағамдық глюкоза, мальтоза сиропы, жүгері майы, глютен, кебек және түйіршіктелген құрамажемді қоса алғанда 20-дан астам өнім түрін шығару жоспарланған. Өндірісте тек генетикалық түрлендірілмеген жүгері пайдаланылады.
Жалпы инвестиция көлемі 35 млрд теңгені құрайды. Кәсіпорынның өнімі ішкі нарықта да, сондай-ақ Азия мен Еуропа елдерінде де сұранысқа ие.
Жобаны іске асыру Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттырып, өңірдің инвестициялық тартымдылығын жаңа деңгейге көтереді.