https://sputnik.kz/20250827/qazaqstanda-birinshi-dostastyq-zharmenkesi-otedi-56624370.html
Қазақстанда бірінші "Достастық жәрмеңкесі" өтеді
Қазақстанда бірінші "Достастық жәрмеңкесі" өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы алғаш рет "Достастық жәрмеңкесін" өткізу жоспарланып отыр. Бұл шара жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды... 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T15:15+0500
2025-08-27T15:15+0500
2025-08-27T15:15+0500
тмд
жәрмеңке
https://sputnik.kz/img/777/50/7775063_0:94:1803:1108_1920x0_80_0_0_fbc28d93d7e27f25e5a3ff2772373a73.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы алғаш рет "Достастық жәрмеңкесін" өткізу жоспарланып отыр. Бұл шара жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ТМД атқарушы комитетіне сілтеме жасаҰйымның Мәскеудегі бөлімшесінде "Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ереженің жобасын келісуге арналған сарапшы тобының бірінші отырысы өтті. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қазан айында ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде ұсынған болатын. Жәрмеңке жыл сайын Ұлы Жібек жолының бойымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қалаларында өткізіледі.Жәрмеңке кезінде ТМД елдерінің ұлттық кәсіптері мен қолөнер бұйымдары таныстырылады. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері қойылады. Ал "Достастық жәрмеңкесіне" келетіндер мәдени-бұқаралық және білім беру шараларына қатысып, жергілікті салт-дәстүрлермен таныса алады."Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы бойынша сарапшы тобының келесі отырысы биыл қазан айында өтеді. Онда ереженің жобасын келісу жұмысы жалғасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/777/50/7775063_102:0:1702:1200_1920x0_80_0_0_a81c644b2418d1ffd033fbe80a1b484a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тмд, жәрмеңке
Қазақстанда бірінші "Достастық жәрмеңкесі" өтеді
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы алғаш рет "Достастық жәрмеңкесін" өткізу жоспарланып отыр. Бұл шара жыл сайын өткізіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ТМД атқарушы комитетіне сілтеме жаса
Ұйымның Мәскеудегі бөлімшесінде "Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы туралы ереженің жобасын келісуге арналған сарапшы тобының бірінші отырысы өтті. Бұл бастаманы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы қазан айында ТМД мемлекет басшыларының кеңесінде ұсынған болатын. Жәрмеңке жыл сайын Ұлы Жібек жолының бойымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің қалаларында өткізіледі.
"Бірінші жәрмеңкені Қазақстанда 2026 жылы ежелгі Тараз қаласында өткізу жоспарланып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Жәрмеңке кезінде ТМД елдерінің ұлттық кәсіптері мен қолөнер бұйымдары таныстырылады. Сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің өнімдері қойылады. Ал "Достастық жәрмеңкесіне" келетіндер мәдени-бұқаралық және білім беру шараларына қатысып, жергілікті салт-дәстүрлермен таныса алады.
"Достастық жәрмеңкесі" мемлекетаралық бағдарламасы бойынша сарапшы тобының келесі отырысы биыл қазан айында өтеді. Онда ереженің жобасын келісу жұмысы жалғасады.