https://sputnik.kz/20250827/konstitutsiya-kuni-astanada-estrada-zhuldyzdary-kontsert-beredi-56621158.html
Конституция күні: Астанада эстрада жұлдыздары концерт береді
Конституция күні: Астанада эстрада жұлдыздары концерт береді
Sputnik Қазақстан
Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева және ALEM елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T13:09+0500
2025-08-27T13:09+0500
2025-08-27T13:09+0500
конституция күні
мереке
концерт
астана
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d40091b9e9bdf52ababb68b0b85b4b5a.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада Амфитеатр сахнасында "Ата заң – азат елдің арқауы" атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.Іс-шара 29 тамыз күні сағат 19:00-де өтеді. Айтулы датаға арналған концертте танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеш барысында көрерменге патриоттық рухтағы танымал туындылар мен шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынылады.Ел тарихындағы маңызды белестердің бірі – Конституция күніне арналған бұл концерт Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылуда. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/02/45370961_114:0:2845:2048_1920x0_80_0_0_843dfe986cdb124f6992ddd5a211a2db.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
конституция күні, мереке, концерт, астана
конституция күні, мереке, концерт, астана
Конституция күні: Астанада эстрада жұлдыздары концерт береді
Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева және ALEM елордалықтарға мерекелік көңіл-күй сыйлайды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Астанада Амфитеатр сахнасында "Ата заң – азат елдің арқауы" атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шара 29 тамыз күні сағат 19:00-де өтеді. Айтулы датаға арналған концертте танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Кеш барысында көрерменге патриоттық рухтағы танымал туындылар мен шығармалардан тұратын мазмұнды бағдарлама ұсынылады.
"Мерекелік концертте елге танымал эстрада жұлдыздары Қайрат Баекенов, Маржан Арапбаева, DOS тобы, Медет Салықов пен Клара Төленбаева, Зарина Божакова, Нұрбол Балапанов, Тұрар Төлеутай және Мәди Сыздық өнер көрсетіп, елорда тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кештің хедлайнері – ALEM", - деп жазылған хабарламада.
Ел тарихындағы маңызды белестердің бірі – Конституция күніне арналған бұл концерт Отанға деген сүйіспеншілікті көрсетуге және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады.
Биыл Қазақстанда Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осы тарихи мерейтойға орай елордада мерекелік, спорттық, мәдени және танымдық іс-шаралардың тұтас легі ұйымдастырылуда. Бағдарламада турнирлер, дәрістер, құқық сабақтары, концерттер, фестивальдер және тағы басқа көптеген іс-шара бар.