Алма да жоқ, ақша да жоқ: Шымкентте жемқор басшылар сотталды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуМолоток судьи суд приговор
Молоток судьи суд приговор - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Шымкентте алма бақ саламыз деп 700 млн теңге шығын келтірген басшылар сотталды, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Бас прокуратура қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп "Аграрлық несие корпорацисы" АҚ қызметін тексерді.
Шымкент қаласында екі алма бағын салу жобасын іске асыру барысында "Ауыл шаруашылығын қолдау қоры" АҚ басшылығы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланған. Осыған орай былтыр шілде айында Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану" бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Аграрлық несие корпорацисы" АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Шымкент қаласындағы өндірістік параметрлерге сәйкес келмейтін алма бақтарын пайдалануға қабылдаған. Орындалмаған жұмыс сомасы – 430,6 млн теңге", - дейді ведомство.
Нәтижесінде бүгінде сараптамалар мен мамандардың қорытындысы бойынша мемлекетке 685,8 млн теңгеге материалдық залал келтірілді.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен корпорация басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары мен мердігер ұйымның директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлға 400 млн теңге жымқырды деп айыпталды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2025
Шығыс Қазақстанда лауазымды тұлға 400 млн теңге жымқырған
Жаңалықтар
0