Жамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады

© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаЖамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады
Жамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында агродрондарды құрастыратын кәсіпорнын іске қосылды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жаңа жоба Қазақстанның инновациялық ауыл шаруашылығын дамытудағы маңызды қадам және елдің агроөнеркәсіптік кешеніне озық технологияларды енгізуге ықпал етеді.
Өндіріс жылына 500–1000 агродрон құрастыруға есептелген.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаЖамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады
Производство агродронов в Жамбылской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады
"Негізгі мақсаты – фермерлер мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын дәл егіншілікке арналған заманауи шешімдермен қамтамасыз ету. Оған егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылау кіреді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство хабарлағандай, UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
© Photo : Пресс-служба Министерства сельского хозяйства КазахстанаЖамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады
Производство агродронов в Жамбылской области  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жамбыл облысында агродрондар шығарыла бастады
Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады.
2025 жылы компания 50–60 дрон сатуды, ал 2026 жылы кемінде 150 бірлікті іске асыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстанда егістік алқаптарын өңдеу қызметтерінің ауқымы кеңейтіледі.
Қазіргі уақытта Қызылорда және Түркістан облыстарының дилерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Қазақстанда Samsung-тің тұрмыстық техникасы шығарылады – үкімет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.07.2025
Қазақстанда Samsung-тің тұрмыстық техникасы шығарылады
Жаңалықтар
0