https://sputnik.kz/20250826/shyu-elderinde-mura-saqshysy-zhana-telezhobasy-iske-qosyldy-56597649.html
ШЫҰ елдерінде "Мұра сақшысы" жаңа тележобасы іске қосылды
ШЫҰ елдерінде "Мұра сақшысы" жаңа тележобасы іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумы ашылды 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T08:54+0500
2025-08-26T08:54+0500
2025-08-26T08:54+0500
шыұ
нұрлан ермекбаев
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56596442_156:117:1134:667_1920x0_80_0_0_1b64f1c3581d076c0fe83c52c2246a11.jpg
АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қытай астанасы Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) форумы ашылды. "Үйлесім мен бірлік: болашақты бірге құрамыз" ұранымен өткен бұл іс-шараға жетекші БАҚ басшылары мен дипломаттар – 150-ден астам жоғары лауазымды қонақ жиналды.ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев форумның құрметті қонағы ретінде сөз сөйледі. Ол халықтарды жақындастыруға, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, бейбітшілік пен тату көршілік идеяларын ілгерілетуге мүмкіндік беретін мұндай ынтымақтастыққа ШЫҰ басымдық беретінін айтты.Сондай-ақ ол гуманитарлық бағыттағы жұмыста БАҚ ерекше рөл атқаратынын және ШЫҰ елдерінің медиалары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.Форум аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінде "Мұра сақшысы" тележобасын іске қосу рәсімі өтті. Сонымен қатар "ШЫҰ жастары: іс-әрекет уақыты" атты бағдарлама таныстырылды.Сондай-ақ форумда "Silk Way Star" халықаралық музыкалық байқауының ресми түрде басталғаны жарияланды. Жоба Қазақстан президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.Бұдан бөлек, 22–28 тамыз аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің үздік кино және телетуындылары көрсетілетін арнайы апталық өтіп жатыр. Бұл іс-шара Қытай медиакорпорациясы, Шаньдун провинциясы және Циндао қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56596442_200:78:1062:724_1920x0_80_0_0_a943e1087ab6a68d8717cb0c8272a8ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шыұ, нұрлан ермекбаев
ШЫҰ елдерінде "Мұра сақшысы" жаңа тележобасы іске қосылды
Қытайда Шанхай ынтымақтастық ұйымының форумы ашылды
АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Қытай астанасы Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) форумы ашылды. "Үйлесім мен бірлік: болашақты бірге құрамыз" ұранымен өткен бұл іс-шараға жетекші БАҚ басшылары мен дипломаттар – 150-ден астам жоғары лауазымды қонақ жиналды.
ШЫҰ Бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев форумның құрметті қонағы ретінде сөз сөйледі. Ол халықтарды жақындастыруға, сенім мен өзара түсіністікті нығайтуға, бейбітшілік пен тату көршілік идеяларын ілгерілетуге мүмкіндік беретін мұндай ынтымақтастыққа ШЫҰ басымдық беретінін айтты.
Сондай-ақ ол гуманитарлық бағыттағы жұмыста БАҚ ерекше рөл атқаратынын және ШЫҰ елдерінің медиалары арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттігін атап өтті.
Форум аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінде "Мұра сақшысы" тележобасын іске қосу рәсімі өтті. Сонымен қатар "ШЫҰ жастары: іс-әрекет уақыты" атты бағдарлама таныстырылды.
Сондай-ақ форумда "Silk Way Star" халықаралық музыкалық байқауының ресми түрде басталғаны жарияланды. Жоба Қазақстан президентінің Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр.
Бұдан бөлек, 22–28 тамыз аралығында Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің үздік кино және телетуындылары көрсетілетін арнайы апталық өтіп жатыр. Бұл іс-шара Қытай медиакорпорациясы, Шаньдун провинциясы және Циндао қаласы әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған.