https://sputnik.kz/20250826/semeylik-shendiler-zhoq-agashty-150-mln-tengege-kespek-bolgan-56604632.html
Семейлік шенділер жоқ ағашты 150 млн теңгеге кеспек болған
Семейлік шенділер жоқ ағашты 150 млн теңгеге кеспек болған
Sputnik Қазақстан
Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкестік жоқ 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T13:29+0500
2025-08-26T13:29+0500
2025-08-26T13:29+0500
мемлекеттік сатып алулар
семей
ағаш
https://sputnik.kz/img/283/49/2834985_0:129:2821:1715_1920x0_80_0_0_600cd062b9b70aae28857c5a62a0f273.jpg
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Семейде жоқ 40 метрлік ағаштарды шенділер 150 млн теңгеге кеспек болған, деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасы.Қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша мемлекеттік конкурс өткізу кезінде бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсала жаздады. Прокуратура тексеру жүргізді.Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкестік жоқ. Бұл мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану қаупін арттырған.Прокуратура шара қабылдап, нәтижесінде 150 млн теңге бюджет қаражаты желге ұшқан жоқ.
https://sputnik.kz/20250210/memlekettik-satyp-aludyn-merzimi-birneshe-ese-qysqartyldy-50724946.html
семей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/283/49/2834985_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_1be3576f0edede7e5cc9e5dd9c9913d1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік сатып алулар, семей, ағаш
мемлекеттік сатып алулар, семей, ағаш
Семейлік шенділер жоқ ағашты 150 млн теңгеге кеспек болған
Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкестік жоқ
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Семейде жоқ 40 метрлік ағаштарды шенділер 150 млн теңгеге кеспек болған, деп хабарлайды Абай облыстық прокуратурасы.
Қураған ағаштарды кесу және жасыл желектерге күтім жасау бойынша мемлекеттік конкурс өткізу кезінде бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсала жаздады. Прокуратура тексеру жүргізді.
"Конкурс құжаттамасында әлеуетті қатысушыларға қойылған негізсіз және шектен тыс талаптар анықталды. Атап айтқанда, биіктігі 40 метрге дейінгі ағаштарды кесуге арналған қымбат жабдықтың болуы талап етілген. Мұндай талап артық, себебі Семей қаласында мұншалық биік ағаштар өспейді және бұл Қазақстанның климаттық жағдайына тән емес", - дейді ведомство.
Конкурс құжаттарында сметалық және техникалық бөліктер арасында сәйкестік жоқ. Бұл мемлекеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану қаупін арттырған.
Прокуратура шара қабылдап, нәтижесінде 150 млн теңге бюджет қаражаты желге ұшқан жоқ.