Қарағандыда бір жасар баланың асқазанынан 12 магнит шықты

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Қарағандыда дәрігерлер магнит жұтқан баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1,5 жасар бала 12 магнит жұтып қойған.
"Бала көпсалалы облыстық балалар ауруханасының шұғыл бөлімшесіне жеткізілді. Ол ішінің қатты ауыратынына шағымданған. Тексеруден кейін дәрігерлер оның асқазанында 12 магнит шарик барын анықтады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Ағзаға түскен магнит бір-біріне тартылып, тіндерді қысып, жыртқан.
"Хирургтар шұғыл операция жасап, кішкентай науқасты құтқарып қалды. Жағдайы тұрақты ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді ведомство.
Национальный Научный Медицинский Центр Астаны. Операционная палата - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2025
"Сыйлыққа келген ойыншық еді": 39 магнит жұтқан баланың анасы мән-жайды айтты
Жаңалықтар
0