ЕАЭО аясындағы бірлескен жобалар кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

© Photo : Министерство промышленности и строительства РКЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға сапармен келді
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға сапармен келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
ЕЭК министрі Гоар Барсегян Қазақстанға келді
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегянның Алматы мен Астанаға сапармен келгенін хабарлады.
Гоар Барсегян Алматыда индустриялық аймақ кәсіпорындарының, оның ішінде "Алматы желдеткіш зауыты", "Kazakhstan Mobility Engineering" мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыты, автокреслолар шығаратын "Almaty Autoparts Production" кәсіпорны, сондай-ақ "Hyundai Trans Kazakhstan" зауытының қызметімен танысты.
© Photo : Министерство промышленности и строительства РКЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Министр по промышленности и АПК ЕЭК Гоар Барсегян посетила Алматы и Астану с рабочим визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
"Hyundai Trans Kazakhstan" зауытында дөңгелек үстел өтіп, оған ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, әкімдіктердің, салалық қауымдастықтардың, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері, ҚР парламенті мәжілісінің депутаттары мен халықаралық сарапшылар қатысты. Талқылауға 100-ден астам қазақстандық компания, оның 40-қа жуығы онлайн форматта қатысты.
"Гоар Барсегян қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстандағы отандық өндірістің қарқынды дамуына жеке көз жеткізуге қуанышты екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай сапарлар кәсіпорындардың әлеуетімен жақынырақ танысуға және жаңа кооперациялық байланыстар құруға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Талқылау барысында мүше мемлекеттерден кемінде үш компанияның қатысуымен кооперациялық жобаларды іске асыру үшін кредиттер мен қарыздар бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды көздейтін ЕАЭО шеңберінде қаржылық жәрдемдесу тетігін қолданудың практикалық мәселелері қаралды.
© Photo : Министерство промышленности и строительства РКЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Министр по промышленности и АПК ЕЭК Гоар Барсегян посетила Алматы и Астану с рабочим визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Автокөлік, теміржол және ауылшаруашылық машиналарын салу салаларын қоса алғанда, басым салаларға ерекше назар аударылды.
Министрлік, бизнес-қоғамдастық және сараптамалық топтар өкілдерінің қатысуымен Астанада да осындай дөңгелек үстел өтті, онда өнеркәсіптік кооперацияның жаңа жобаларына баса назар аударылды.
© Photo : Министерство промышленности и строительства РКЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Министр по промышленности и АПК ЕЭК Гоар Барсегян посетила Алматы и Астану с рабочим визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
"ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков тетік отандық кәсіпорындар үшін барынша қолжетімді болуы және олардың ұсыныстарын ескере отырып жетілдірілуі керектігін атап өтті", - дейді министрлік.
Қазақстан автомобиль одағының президенті Анар Мақашева ЕАЭО аясындағы кооперация жобаларын дамыту отандық кәсіпорындар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға ықпал ететінін баса айтты.
© Photo : Министерство промышленности и строительства РКЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Министр по промышленности и АПК ЕЭК Гоар Барсегян посетила Алматы и Астану с рабочим визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен министрі Гоар Барсегян Алматы мен Астанаға жұмыс сапарымен келді
Алматы мен Астанада қалаларында өткен кездесулердің қорытындысы бойынша қатысушылар қаржыландыру тетігін дамыту және жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі, олар одан әрі дамыту үшін ЕЭК-ке жіберіледі.
Жаңалықтар
0